Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болады, Жаланашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлірінде тұман, көктайғақ жел 15-20 м/с күшейеді, Оңтүстік Қазақстан облысында бұрқасын күтіледі. Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.