Хабар телеарнасы

«Дала battle»

«Дала battle»

«DALA BATTLE» жобасы – жастардың жігерін жанып, намысын қайрайтын, нағыз жігіттерді іріктейтін бірегей бағдарлама. Нағыз ер-азаматтар бақ сынайтын бұл жоба жас ұрпақтың ойында жеңіске деген ұмтылыс, спортқа деген сүйіспеншілік, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сынды игі қасиеттерді қалыптастырмақ.

Жігіттер ашық далада, арнайы жабдықталған түсірілім алаңдарында, табиғат аясында сайысады. Спорт түрлерінен бастап, ұлттық ойындарға дейін қамтылатын он кезеңде қатысушылардың білек күші, ептілігі, тапқырлығы қиын тапсырма, қауіпті сынақтар арқылы сынға түседі. Жобада жеке-жеке емес, топпен жарысады.

Жоба авторы, продюсері – Мейіржан Әлібек.