Байқау

«Хабар» арнасы 2024 жылға арналған телесериалдар бойынша өтінімдер қабылдайды

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 11 желтоқсанына дейін жалғасатынын хабарлаймыз.
Телесериалдар жобалары келесі жанрлар бойыша қарастырылады:
- тарихи драмалар
- байопик
- драмалар
- мелодрамалар
- комедиялар
- ситком

Тақырыптық бағыттар:
- Тарихи тұлғалар, аса көрнекті қайраткерлер жайлы;
- Ірі тарихи оқиғалардың белгілі бір жылдығына байланысты;
- Отбасылық құндылықтар: ана мен бала, әке мен бала, ерлі-зайыптылар институты;
- Дәстүрдің озығын алу;
- Қарапайым еңбек адамдарының тыныс-тіршілігі, мемлекет пен қоғам дамуына қосқан үлесі;
- Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы иммунитет қалыптастыру;
- Жастардың өмірде өз орнын тауып, дұрыс мамандықты таңдай білуі;
- Жаман әдеттерден, керенаулық көзқарастан арылу;
- Синтетикалық есірткімен күрес;
- Лудоманияға қарсы күрес;
- Ішкі туризм;
- Инклюзия.

Өтінімдер келесі құжаттар болған жағдайда ғана қарастырылатынына назар аударыңыздар:
1) жобаның толық тұжырымдамасы (мақсаты мен міндеттерін, жанрын, хронометражын, мақсатты аудиториясын көрсету);
2) сценарий жоспарының кеңейтілген синопсисі;
3) портфолио;
4) шығармашылық құрам туралы ақпарат (продюсер, режиссер, сценарист, актерлік құрам, редакторлар);
5) тизер немесе телевизиялық материалдың пилоттық жобасы (болған жағдайда);
6) ілеспе хат.


Өтінімдерді мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз:
000001, Астана қ., Қонаев көшесі, 4 «Хабар» Агенттігі» АҚ немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына