Хабар телеарнасы

«Шашу». «My family» 1-бөлім

«MY FAMILY»

Науат апаның қыздары аналарына «Қалқайып жалғыз отыра бересіз бе? Ел-жұрт әңгіме қылып жатыр, біреуіміздің қолымызға келіңіз» деген ұсыныспен келеді. Науат апа күйеу баланың қолына барып тұрғысы келмейтінін, өзін бағатын ұлы бар екенін айтып, қыздарын тыйып тастайды.

Оқуын бітіргеннен кейін АҚШ-та жұмыс бабымен тұрақтап қалған жалғыз ұлы Арманға хабарласады. Жұмысын, басқасын айтып сылтауратқан Арман ауылға қыдырып баруға да уақыттары жоғын айтады. Науат апа ренжіп, телефонды қоя салады.
Анасы қатты ренжігенін түсінген Арман кешке келіншегі Аидаға шұғыл түрде ауылға барып келу керектігін жеткізеді. Үлкен сән көрсетіліміне дайындалып жатқан Аидаға бұл ұсыныс ұнамайды. Балалары Аланға да бұл хабар жайсыз тиеді. Себебі сыныбындағы өзіне ұнайтын қараторы қыз Джессика екеуі жазда скаут-лагеріне бірге барамыз деп жоспарлап жүрген болатын. (Басқасын айтпағанда Аиданың кішкентай иті Дэйзиге де бұл хабар ұнамайды).
Бірақ қанша жұмыстарынан қалатын болса да, Арман әжелерінің көңілі үшін ауылға барып келуге жанұя мүшелерін көндіреді.