Хабар телеарнасы

«Пәленшеевтер 3» телехикаясы. 23-бөлім

Пәленшеевтер отбасының үлкендері базарға беталды. Ата-әжесінің бұл жолғы көмекшісі -­ Еркеш. Мектепке бармай, базар аралаған Еркешке қатты ұнады.

Ал шаңырақтың келіні Айгүл қайнысы Берікті тезірек үйлендіру керек деген тұжырымға келді. Үйге жаңа келін келсе, өзіне қолқанат емес пе? Айтпақшы, осы дәрігер келін жұмыстан үйіне ерте қайту үшін жаңа қулық ойлап тапты.

Ал Айдар миллионер болу үшін жұмыс іздеуге көшті. Таба алар ма екен?