«Хабар» арнасы ішкі және сыртқы контентпен жұмыс бойынша бөлімінің аға редакторы

«Хабар» арнасы ішкі және сыртқы контентпен жұмыс бойынша бөлімінің аға редакторы

Лауазым сипаттамасы

Құрылымдық бөлімше

"Хабар"арнасы

Локация

Нұр-Сұлтан  қаласы, Қонаев к., 4

Жұмыс тәртібі

5/2

Жұмыс сипаты

Тұрақты, уақытша (2 орын)

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

Негізгі лауазымдық міндеттері

-күнделікті негізде аутсорсингтік бағдарламалардың телеөнімдерін, хаттар бойынша келіп түсетін роликтерді, олардың сапасына сәйкестігіне, идеялық-көркемдік деңгейінің дұрыстығына жарнамалық роликтерді қарау;- мәтіндер мен атаулардағы дұрыс емес ақпарат пен қателер үшін дайындалған бағдарламаларды тексеру;- бағдарламалардың мазмұнын бекітілген тұжырымдамаға сәйкестік, хронометражға, шарт бойынша шығарылымдар санына, сапасына тікелей немесе жанама жарнаманың болуына тексеру;- бағдарлама мазмұнында қателер, дұрыс емес ақпарат анықталған жағдайда, өз өндірісі бағдарламалары жобаларының басшыларына, бағдарлама жеткізушісіне және арна бағдарламаларын өндіру бөлімінің бас редакторына оларды түзету бойынша дереу хабарлауға және кемшіліктер мен ескертулер жойылған кезде ғана бағдарламаға рұқсат беруді жүзеге асыру;- қате туралы жеткізушілерді жазбаша түрде хабардар ету;- телешоуларды уақтылы дайындамауға және оларды эфирге беруге әкеп соғатын жұмыстағы ықтимал бұзылулар туралы бөлім бастығына хабарлау;- авторлармен жұмыс барысында стилистикалық, грамматикалық қателерді көрсету, оларға сценарий мен бағдарламаларға қатысушылардың құрылымы мен мазмұны, сондай-ақ актерлік құрам мәселелері бойынша кеңес беру;- телехикаялардың сценарийін келісу, қажет болған жағдайда оларға өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсыныстар енгізу, авторларды қабылданған шешім туралы уақтылы хабардар ету, және басқа да міндеттер.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

"Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес", "Өнер", "Білім" мамандықтар тобы бойынша жоғары білім. Әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесінің болғаны жөн.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

 Теледидар, БАҚ саласындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Не ұсына аламыз:

- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықтар (жылына 4-5 рет);

- әлеуметтік қолдау (бір жыл жұмыс істегеннен кейін еңбек демалысына берілетін емдік жәрдемақы);

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары

Құрметті үміткер

Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. (хат тақырыбында өтініш берген бос орынды көрсетіңіз).

Сұрақтар туындаған жағдайда, "Хабар" Агенттігі" АҚ-ның HR-бөліміне Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.. электрондық мекенжайға жаза отырып, хабарласа аласыз. HR қызметінің телефоны: +7 (7172) 757 495.                                                     

Дереккөз: https://khabar.kz/ru/agency/vakansii

Материалдарды кез-келген пайдалану тек www.khabar.kz гиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.