«Хабар» арнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметі аналитикалық бағдарламалар бөлімінің бас редакторы

«Хабар» арнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметі аналитикалық бағдарламалар бөлімінің бас редакторы

Лауазым сипаттамасы

Құрылымдық бөлімше

"Хабар"арнасы

Локация

Нұр-Сұлтан  қаласы, Қонаев к., 4

Жұмыс тәртібі

5/2

Жұмыс сипаты

Тұрақты

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

Негізгі лауазымдық міндеттері

- талдамалық ақпарат бөлімінің қызметін ұйымдастыруды, бақылауды және басшылықты жүзеге асыру;- бұқаралық санада ағымдағы шындық құбылыстары туралы барабар және теңгерімді идеяларды қалыптастыру мақсатында саяси, идеологиялық және психологиялық жағдайлар контекстінде аналитикалық бағдарламаларды стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру;- талдамалық бағдарламалар шығарылымдарының негізгі тақырыптарын айқындау мақсатында өз бөлімшесінің кеңестерін өткізу;- арна басшылығының талабы бойынша шығарылымның алдын ала орналасуын және мәтіндерін келісу;- бекітілген сценарий бойынша талдамалық бағдарламалар шығарылымдарын түпкілікті монтаждауды және тапсыруды бақылау;- өзінің бөлімшесіне қатысты медиа-жоспар тармақтарының орындалуын бақылау;- өз бөлімшелерін басқаратын арнайы корреспонденттердің, корреспонденттердің және авторлардың жұмысын бақылау, тақырыптық жоспарлар әзірлеу; арнаны дамыту бойынша ұсыныстар енгізу;- бөлімдегі тәртіп үшін жауап беру, қызметтік міндеттерін орындау кезінде кәсіби этиканы сақтау, қызметкерлердің сыртқы келбетін қабылданған дресс-кодқа сәйкестендіру және басқа да міндеттер.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

"Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес", "Өнер", "Құқық", "Білім" мамандықтар тобы бойынша жоғары білім. Әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесінің болғаны жөн.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

 Теледидар саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде бір жыл.

Не ұсына аламыз:

- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықтар (жылына 4-5 рет);

- әлеуметтік қолдау (бір жыл жұмыс істегеннен кейін еңбек демалысына берілетін емдік жәрдемақы);

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары

Құрметті үміткер

Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. (хат тақырыбында өтініш берген бос орынды көрсетіңіз).

Сұрақтар туындаған жағдайда, "Хабар" Агенттігі" АҚ-ның HR-бөліміне Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.. электрондық мекенжайға жаза отырып, хабарласа аласыз. HR қызметінің телефоны: +7 (7172) 757 495.                                                     

Дереккөз: https://khabar.kz/ru/agency/vakansii

Материалдарды кез-келген пайдалану тек www.khabar.kz гиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.