Халықаралық ынтымақтастық және дистрибуция департаменті даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің дистрибуциялау жөніндегі менеджері

Халықаралық ынтымақтастық және дистрибуция департаменті даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің дистрибуциялау жөніндегі менеджері

Лауазым сипаттамасы

Құрылымдық бөлімше

Халықаралық ынтымақтастық және дистрибуция департаменті

Локация

Нұр-Сұлтан  қаласы, Сарыарка  к., 30/1

Жұмыс тәртібі

5/2

Жұмыс сипаты

Уақытша

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

Негізгі лауазымдық міндеттері

- ағымдағы және жоспарланған дистрибуцияны қалыптастыру, халықаралық және отандық телеөнімдер нарығын талдау, шарттарды жүргізу мен есепке алуды жүзеге асыру;- қоғам арналары қызметінің күшті және әлсіз жақтарын анықтау және оларды жетілдіру мақсатында бәсекелестердің қызметін зерттеу, бәсекелестердің қызметін талдау негізінде арналарды және шетелде таратуды кеңейту жөнінде ұсыныстар дайындау;- өндірілетін өнімді дистрибуциялау көлемін ағымдағы жылға жоспарлау шарттар жасасу бойынша контрагенттермен келіссөздер жүргізуді жүзеге асыру;- дистрибуция шарттарын жасасу бойынша келіссөздер жүргізу;- дистрибуция бойынша шарттық базаны жүргізуді қамтамасыз ету;- жасалған шарттар бойынша Қоғамның және контрагенттердің міндеттемелерді орындауы, олар бойынша мерзімдерді сақтау бойынша жұмыс жүргізу. Контрагенттердің міндеттемелерді бұзғаны анықталған жағдайда, құқықтық қамтамасыз ету департаментінің келісімі бойынша контрагенттерге тиісті талаптарды жіберу бойынша жұмыс жүргізу және талаптардың орындалуын бақылау;- шарттар бойынша үшінші тұлғаларға берілген телехикаяларға, бағдарламалар мен концерттерге мүліктік құқықтардың мерзімдері мен түрлерін бақылау, сондай-ақ олар бойынша деректердің есебін жүргізуді қамтамасыз ету;– қоғамның контентін-бағдарламаларды, сериалдарды, концерттерді, жаңалықтарды сату бойынша жұмыс жүргізу;- шоттарды төлеуге бастапқы қаржылық құжаттарды дайындау, және басқа да міндеттер.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

"Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес", "Құқық", "Өнер", "Коммуникациялар және БАҚ", "Білім" мамандықтар тобы бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

 Сату саласында, БАҚ-пен сабақтас салаларда, оның ішінде киноөндіріс, кинопрокат және теледидар өнімдерін өндіру, маркетинг саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар жұмыс өтілі. Шет тілін В-2 деңгейінен төмен емес меңгерген жөн.

Не ұсына аламыз:

- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықтар (жылына 4-5 рет);

- әлеуметтік қолдау (бір жыл жұмыс істегеннен кейін еңбек демалысына берілетін емдік жәрдемақы);

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары

Құрметті үміткер

Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. (хат тақырыбында өтініш берген бос орынды көрсетіңіз).

Сұрақтар туындаған жағдайда, "Хабар" Агенттігі" АҚ-ның HR-бөліміне Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.. электрондық мекенжайға жаза отырып, хабарласа аласыз. HR қызметінің телефоны: +7 (7172) 757 495.                                                     

Дереккөз: https://khabar.kz/ru/agency/vakansii

Материалдарды кез-келген пайдалану тек www.khabar.kz гиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.