Халықаралық ынтымақтастық және дистрибуция департаменті кинокөрсетілім және дистрибуция бөлімінің контентті сатып алу жөніндегі менеджері

Халықаралық ынтымақтастық және дистрибуция департаменті кинокөрсетілім және дистрибуция бөлімінің контентті сатып алу жөніндегі менеджері

 

Лауазым сипаттамасы

Құрылымдық бөлімше

Халықаралық ынтымақтастық және дистрибуция департаменті

Локация

Нұр-Сұлтан  қаласы, Сарыарка  к., 30/1

Жұмыс тәртібі

5/2

Жұмыс сипаты

Уақытша

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

Негізгі лауазымдық міндеттері

- лицензиялық өнімді пайдалану мәселелері бойынша шарттар (бұдан әрі-шарттар) жасасуды, ұзартуды, бұзуды жоспарлау;- шарттарды жүргізуді және есепке алуды жүзеге асыру;- келісімшарттар жасасу мәселелері бойынша контрагенттермен келіссөздер жүргізуді жүзеге асыру және оларға белсенді қатысу;- бөлімде шарттық базаларды құру және қолдау;- шарттарды жүргізу және олардың көшірмелерін бөлімде сақтау;- мемлекеттік сатып алу бойынша лицензиялық өнімді сатып алу бойынша құжаттама дайындау;- шарттардың жобаларын әзірлеуге белсенді қатысу;- шоттарды төлеуге бастапқы қаржылық құжаттарды дайындау;- бөлім шарттарының ақпараттық базасын жүргізуді қамтамасыз ету;- жасалған шарттар бойынша Қоғамның және контрагенттердің міндеттемелерді орындауы, олар бойынша мерзімдерді сақтау бойынша жұмыс жүргізу. Контрагенттердің міндеттемелерді бұзғаны анықталған жағдайда, құқықтық қамтамасыз ету департаментінің келісімі бойынша контрагенттерге тиісті талаптарды жіберу бойынша жұмыс жүргізу және талаптардың орындалуын бақылау;- сәйкес келмейтін өнімдерді, қызметтерді есепке алуды және тіркеуді, сәйкессіздіктерді талдауды, түзету әрекеттерін қабылдауды жүзеге асыру;- орындалатын жұмыстардың сәйкестендірілуін және қадағалануын қамтамасыз ету, және басқа да міндеттер.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

"Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес", "Құқық", "Менеджмент және халықаралық коммуникациялар", "Қоғаммен байланыс", "Кино өнері және теледидар" мамандықтары бойынша жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

 Сату, маркетинг, аударма қызметі, қоғаммен байланыс, бизнес-консалтинг, заңтану, техникалық ғылымдар және технология, телерадио хабарларын тарату, киноөндіріс салаларында, БАҚ-пен сабақтас салаларда кемінде бір жыл жұмыс өтілі болғаны жөн. Шет тілін В-2 деңгейінен төмен емес меңгерген жөн.

Не ұсына аламыз:

- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықтар (жылына 4-5 рет);

- әлеуметтік қолдау (бір жыл жұмыс істегеннен кейін еңбек демалысына берілетін емдік жәрдемақы);

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары

Құрметті үміткер

Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. (хат тақырыбында өтініш берген бос орынды көрсетіңіз).

Сұрақтар туындаған жағдайда, "Хабар" Агенттігі" АҚ-ның HR-бөліміне Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.. электрондық мекенжайға жаза отырып, хабарласа аласыз. HR қызметінің телефоны: +7 (7172) 757 495.                                                     

Дереккөз: https://khabar.kz/ru/agency/vakansii

Материалдарды кез-келген пайдалану тек www.khabar.kz гиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.