Хабар телеарнасы

«Бәсеке 2»

«Бәсеке 2»

Алайда екеуін күтіп тұрған сынақ пен қиындықтар да жетерлік еді. Арман мен Мақсатты бәсекелестірген Алтай Мансұрұлы олардың бүкіл байлығын тартып алып, банкротқа ұшыратады.

Ал жаңа жобаны орындау мақсатында жер телімін алу үшін екі дос күтпеген жерден қаланың атақты әрі «қауіпті» кәсіпкердің алдын орап кетеді. Енді олар бұл мәселені қалай шешпек?

Жеңіліп үйренбеген жас кәсіпкерлер тығырықтан шығудың жолын қарастырады. Бұл үшін оларға ауылдағы нағыз достары көмекке келеді.

Осы жолы олар бизнестегі қарсыластарын жеңе ала ма? Ақша мен мансап қана маңызды роль ойнайтын үлкен қалада кімнің жолы болады?

Кәсіпкер достардың шытырман оқиғаларын «Бәсеке» телехикаясының жаңа маусымында тамашалай аласыздар!