«Тағдырға сен» телехикаясы

Түріктің ең танымал «Yalı Çapkını» телесериалы 11-қыркүйектен бастап «Тағдырға СЕН» деген атаумен «Хабар» арнасының көрермені үшін қазақ тілінде ұсынылады.
Бас кейіпкерлері – Ферит пен Сейранның тағдыры туралы қызықты оқиғаға толы сериал Түркия ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде ең танымал, рейтингті телехикаялар тізімінде тұр.
Cериалда дәстүрлі отбасында тәрбиеленген жас қыз Сейранның бай әулет мұрагері Ферит Корханға еріксіз тұрмысқа шығып, сан түрлі сынақтар мен кедергілерге тап болғаны баяндалады. Сырт көзге бақыты баянды көрінген әр кейіпкердің өз тағдыры, жасырған сыры мен құпиясы көп. Көрерменді баурап алатын, пендешілік пен адамгершілік қасиеттердің аражігін ажыратып көрсететін телехикая адам тағдырына қатысты құндылықтарды дәріптейді.