Хабар телеарнасы

«Хабар» командасы – BAQ League жарысының үш дүркін чемпионы

«Хабар» командасы – BAQ League жарысының үш дүркін чемпионы

Журналистер арасындағы футзалдың соңғы матчында «Хабар» Агенттігінің қызметкерлері «Қазақ радиолары» құрамасымен кездесіп, 7:3 есебімен ұтты.

Екінші орыннан Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» ұжымы көрінсе, алғашқы үштікті «Қазмедиа орталығының» қызметкерлері түйіндеді.

Ал жеңімпаздар мен үздік ойыншыларды марапаттау салтанатына «Хабар» Агенттігі, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті және осы жарыстың өтуіне ұйытқы болған Астана футбол федерациясының басшылығы қатысты.

Айта кетейік, 3 айға жалғасқан біріншілікте барлығы 14 команда өзара мықтылық байқасты. Салауатты өмір салтын насихаттап, корпоративтік рух пен бірлікке шақыратын футбол сайысы алдағы уақытта ауқымын кеңейтпек.

Сондай-ақ 60 гол соққан «Хабар» командасының шабуылшысы Нұрсұлтан Қабылбек Журналистер лигасы үшінші маусымында «Үздік сұрмерген» және «Үздік шабуылшы» номинацияларын иеленді. Ал «Хабарлық» Ершат Қожатаев осы маусымның «Үздік қорғаушысы» атанды.