Команда

Бақытгүл Есболова

Шығарушы редактор

Бақытгүл Есболова Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетін бітірген. «Хабар» телеарнасында 2010 жылдың мамыр айынан бастап еңбек еткен. Телевидениедегі алғашқы қадамын «Хабар» телеарнасымен бастады. Аталмыш арнада көптеген бағдарламаларда журналист-редактор болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта «Телемастерская «Production House» компаниясында Хабар арнасындағы «Жаңа күн» бағдарламасының журналисі әрі шығарушы редакторы болып қызмет атқарады. 

Бос уақытында кітап оқығанды, таза ауада демалғанды, боулинг ойнағанды ұнатады. Қазақ прозасында М.Әуезов, І.Есенберлинді сүйіп оқиды. Сүйікті актерлері – Брэд Питт пен Анджелина Джоли. 

Қарапайым адамға тән қасиеттерді және адалдық пен жауапкершілікті бағалайды. Өтірік айтқанды, екіжүзділікті жаны сүймейді. Арманы – Анасы және жақындарының аман болғаны. Биік белестерді бағындырып, өмірде өз орнын таба білу!

Қызмет етіп келе жатқан саланы жаны сүйгендіктен, «Атқарып жатқан ісімнің өзіме және айналамдағы адамдарға септігін тигізер, ғанибетті іс болғанын қалаймын және сол үшін еңбек етемін.» - дейді.