«Жетi күн». Жылдың қорытындысы
УКРАИНАДА ҚАЛЫПТАСҚАН АХУАЛДАН ШЫҒУДЫҢ ЖОЛДАРЫ БАР. НЕГІЗГІ СЕРІКТЕС САНАЛАТЫН РЕСЕЙМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ БОЛАДЫ. ОСЫ ДҮЙСЕНБІДЕ КИЕВКЕ БАРҒАН НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ШЫҒЫС УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫСТЫ ТОҚТАТЫП, МҮДДЕЛІ ЕЛДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ БІР ҮСТЕЛ БАСЫНА ЖИНАЛУЫ КЕРЕКТІГІН АЙТТЫ. ПЕТР ПОРОШЕНКОМЕН ЖЕКЕ КЕЗДЕСТІ, КЕТІСКЕН ЕЛДЕРДІ БІТІСТІРУГЕ КҮШ САЛДЫ. КИЕВ КЕЛІСІМІНІҢ МӘН-ЖАЙЫ ТУРАЛЫ ӘРІПТЕСІМ НҰРБЕК ӘМИШАНЫҢ РЕПОРТАЖЫ.
Нұрбек Әмиша, тілші
-Нұрсұлтан Назарбаев Киевке бейбітшілік жақтаушысы ретінде ғана емес, Батыс пен Ресейдің арасындағы ушығып бара жатқан ахуалды «қайтсем, жеңілдетем» деген мәні зор мақсатпен келді. Биыл Минскідегі кездесуде Қазақстан Президенті Украинадағы қантөгісті тиып, құлдырап кеткен шығыс Украина жағдайын қайта қалпына келтіру керектігін айтқан еді. Нұрсұлтан Назарбаев саяси мүддені бір сәтке ұмытып, қиын халдегі халық тағдырына адамгершілік, ізгілік көзімен қарауды үндеп келеді. Киевтегі келіссөзде де Елбасы украиналық әріптесін ашық пікір алысуға шақырды.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенконың бұл кездесуінің маңызы тіптен бөлек. Қазақстан Президенті Украина халқының басындағы жағдайды жақсы біледі әрі өмірлік тәжірибесі мен әлемдік беделін пайдаланып, шиеленіскен оқиғаны шешуге ұмтылады. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлын украиналық әріптесі зор құрметпен қарсы алды. Бұл сапардың екі түрлі мақсаты бар. Біріншісі – кетіскен көшбасшыларды бітістіру, екіншісі –Қазақстан мен Украина арасындағы экономикалық қатынасты күшейту. Қазақ елінің басшысы Порошенкомен екеуара кездесуде бұл келістің жай-жапсарын былай байыптады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Обстановка очень сложная, я со своей стороны поддерживаю все работы которые идут по решению проблемы и в Восточном Украине, и ост. территорях вообще по стабилиз обстановки которая никому не помогает. Имея равносторонние ко всем, как к Европе, в к Россию у Украине дружеские, я думаю, вместе с вами мы можем поработать над этим вопросом. Я надеюсь мы обсудим все что происходит в регионе и нас и сможем прийти к коррдинации нащих действии ради того, чтобы люди не за что не гибли.
Ал Петр Порошенко Орталық Азиядағы озық ел Қазақстанды бейбітшілік бесігіне айналдырып, Астананы тұрақтылық пен келісім символы ретінде әлемдік аренаға таныстырған Нұрсұлтан Назарбаевтың ара ағайындық қадамына мүдделі. Сондықтан әріптесімен әр кездесуді тиімді пайдалануға тырысады.
Петр Порошенко, Украина Президенті
-Сіз бізді қолдау үшін осындай алмағайып, күрделі кезеңде менің шақыруымнан соң бірден келдіңіз. Менің жеке өзім де, Үкімет пен украин халқы да мұны жете бағалайды. Сізге Украинаның егемендігін, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін қолдау тұрғысындағы берік әрі сындарлы ұстанымыңыз үшін алғыс айтамын. Бізге Минскіде қысқаша әңгімелесуге мүмкіндік туды. Сол кезде жасалған мәлімдемелер, уағдаластықтар нақты көрініс тауып отыр.
Қазақстан мен Украин – ілгеріден барыс-келіс пен алыс-беріс арқылы біте қайнасқан мемлекеттер. Ауыл шаруашылығы, азық-түлік тасымалдау мен көлік қатынасы қос елдің арасын қосып келеді. Дегенмен, Украинадағы бүлік пен соғыс саудаға да теріс әсерін тигізді. Мәселен, 2010-2013 жылдары тауар айналымымыз жыл сайын екі есеге өссе, осы жылдың тоғыз айында 30 пайызға төмендеген. Бүгінде кеніштер мен өндірістердің негізгі қоры орналасқан шығыс Украинада қарулы күрес жүріп жатыр. Соның кесірінен бұл елде көмір өндіру жыл басынан бері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 19 процентке күрт қысқарған. Алайда Қазақстан көшбасшысы келіссөз барысында бұл мемлекетті тығырықтан шығару жолын тауып берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Вы сказали о потребности Украины в угле, Казахстан готов поставлять. Пусть договариваются наши люди, мы с Экибастуза будем такой уголь поставлять. Мы достаточно производим вагоны грузовые у себя в РК и такую помощь будем оказывать. Мы всегда работали последние годы по дорожной карте, план составляли на 5-10 лет сотрудничество. Отдельно нужно будет просмотреть этот план нашему правительству, чтобы восстановить это. И у нас межправительственная комиссия в области сотрудничество она должна работать.
Экономикасы жақсы жолға қойылған, минералды ресурстарға бай Қазақстан дүниежүзілік дағдарыстың дауылына тас түйін дайын отыр. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты арқылы көлік қатынасын күшейтіп, тас жол, темір жол және әуе жайлар құрылыстарын жүргізуге қыруар қаржы қарастырып отыр. Тұрғын үйдің де қанаты кеңге жайылды. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев украиналық компаниялардың Қазақстанға келіп, бірге жұмыс істеуге шақырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Я приехал для того, чтобы восстановили эти экономические связи между нашими странами. И военно-техническое сотрудничество было на хорошем уровне у нас. Его тоже надо восстановить. У вас есть большой опыт бронетехники и сейчас мы создаем завод совместно с укр. партнерами, где как раз тяжелая бронетехника создается и ремонтируется. Вы знаете, что мы проводим «Экспо-2017» на тему «энергия будущего», вовсю идет строительства, корпуса будут открыты в след году.
Ушыққан Украинаның у-шуы көп болып тұр бүгінде. Батыс пен Ресей өзара санкция алмасуға көшті. Тіпті құрлықаралық қатерлер бой көрсете бастады. Бұл тарапта Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанымы айқын – бір-біріне деген сенімі селдіреп бара жатқан Батыс пен Ресей арасын бітістіру. Әлемдік көшбасшылармен келіссөздер жасай отырып, Елбасы ренжіскен ресми тұлғалардың ара қатынасын реттеуді көздейді. Жұмыс сапарының негізгі мақсаты да осы – бейтарап қалмау. Көзбе-көз әрі сөзбе-сөз мәмілеге келу.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Болған жай болды. Петр Алекссевичпен жан-жақты, дос ретінде ашық сөйлестік. Маған Украина, Ресей, Батыстың ұстанымы белгілі. Мұның бәрін білемін, түсінемін. Осыдан барып, мен осы жағдайдан шығатын жол бар. Өйткені санкция тұйыққа тірейді. Мен ойлаймын, қатынасты, жағдайды қалпына келтіруге болады.
Нұрсұлтан Назарбаев Батыс пен Ресейдің шиеленісін шешу үшін тіпті президенттік протоколдан тыс сәттерді де қалт жібермейді. Шынында саяси ахуал ауыр, ал Елбасы ерегіскен елдестіру үшін ештеңеден аянбайды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Қазір халықаралық құқық бұзылды. Ел басшыларының бір-біріне сенімі жоғалды. Мұның бәрін қалпына келтіру керек. Мен Шығыста айтатындай, жасым үлкен және саяси өтілімнің көптігіне орай, Ресей, Украинаға осыны ортақ келісіммен шешуге шақырамын. Қазақстан соңғы 20 жылда адам сенгісіз жағдайға қол жеткізді. Экономика бір адамға 600 доллардан 14 мыңға дейін көтерілді. Бұл 18 есе, адамдардың табысы да өсті. Осы жылдарда біз Астана қаласын салдық даладан, барлық өңірін көтердік. 800 мың адамы бар әдемі қаланы. Индустрияландыру бойынша 4 жылда 700 өндіріс салдық ҮИИД бойынша. Осының бәрі ұлтаралық келісімнің, бейбітшіліктің арқасында болды. Осыны мен де Украинаға тілеймін.
Қос мемлекет үшін де, тартысқа түскен тараптар үшін де бұл кездесудің маңызы зор. Сапардың сапалы өткені сол, Украина басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа игі мақсаты үшін ризашылығын айтты.
Петр Порошенко, Украина Президенті
-Нұрсұлтан Әбішұлы, халықаралық беделіңізді пайдаланып, Украинаға қолдау көрсетіп отырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Сіздің сапарыңыз бізге, Украинаға жаңа серпін беретініне сенімдімін. Украинаның шығысындағы ахуалды ушықтырмау жөніндегі өзара ықпалдастық пен ұстанымдарды үйлестіру мәселелері жеке қаралды. Қазақстан халықаралық құқық нормаларын сөзсіз сақтау ұстанымында. Қазақстан Президентіне сол үшін тағы да ризашылық білдіремін.
Бірігіп жасаған брифингте Нұрсұлтан Назарбаев Петр Порошенконы Қазақстанға шақырды. Әрі Украина Үкіметінің басшысы Арсений Яценюкпен де жүздесуге уақыт тапты.
Нұрбек Әмиша, тілші
-Минск мәмілесінде Қазақстан Президенті ғана шығыс Украинадағы соғысты тоқтатып, геосаяси ахуалдың айналасындағы жай-жапсарды мүдделі елдер көшбасшыларының бетпе-бет келіп талқылауы керектігін айтқаны есімізде. Және сол ымырашылдық ниеттегі бастамасын іс жүзінде дәлелдеп, алысты жақындатып, аразға араағайындық жасап жүрген де жалғыз – Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан Киев келісімінің тарихи маңызы зор. Және оның оң нәтижесі мен шапағатын бейбіт халықтар көретін болады. Әрі бұл сапардың осы жылдың айтулы оқиғаларының бірі ретінде тарих беттеріне қатталары анық.
ЖҮРГІЗУШІ
-УКРАИНА САПАРЫНАН СОҢ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ МӘСКЕУДЕ ЕКІ АЛҚАЛЫ БАСҚОСУҒА ҚАТЫСТЫ. ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРТ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІНДЕ АЙМАҚТАҒЫ АХУАЛ, СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ ТҰРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ. 20-ҒА ЖУЫҚ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ БЕКІТІЛДІ. АЛ ЖОҒАРЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫ ИНТЕГРАЦИЯ ЖАЙЫНДА ПІКІР АЛЫСТЫ. «2015 ЖЫЛ ТАРИХҚА ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ РЕТІНДЕ КІРЕДІ», – ДЕДІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. БІРЛЕСТІКТІҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ. 2 ҚАҢТАРДАН БАСТАП АРМЕНИЯ ОДАҚТЫҢ ТОЛЫҚҚАНДЫ МҮШЕСІ АТАНАДЫ. ҚЫРҒЫЗСТАН ДА КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ҚОСЫЛУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР. МӘСКЕУДЕН ТІЛШІМІЗ МҰХТАР ЫБЫРАЙЫМ ӘҢГІМЕЛЕЙДІ.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қорытынды Мәскеу отырысы. Биылдыққа бесінші жүздесу. Еуразиялық үштіктің қарым-қатынасы күнтәртібінде тұр. Қорытынды жиынға Нұрсұлтан Назарбаев Киевтен келіп, бірден Владимир Путинмен кездесті. Тараптар Киев мәселесімен қатар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Астана мен Мәскеу ынтымақтастығының басым бағыттарын ортаға салды. Қос президент бұл бірлестік екі ел байланысын нығайта түседі деген сенімде.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-В очень поздний час встречаемся. Хочу сказать, что если вспомнить 15 лет тому назад вы впервые стали главой государства России. И тогда же мы впервые с вами встретились. Если помните я в 1999 году, будучи председателем Правительства, Вы были у нас в Алматы. За эти годы вы остановили хаос в России, восстановили вертикаль власти в России, благодаря чему сегодня она стала совсем другой страной. В этом году в Астане мы подписали Договор о Евразийском экономическом союзе. Он начинает работу со следующего года. Несмотря на все перипетии, мы должны поддерживать эту организацию и сделать ее жизнеспособной и интересной для всех.
Кремльде өткен жиында Владимир Путин ЖЕЭК-тің барлық құрамын қарсы алды. Қазақстан және Беларуспен бірге бұл бас қосуға Армания мен Қырғыстан да ат терлетіп келді. Мемлекеттер басшылары экономикалық бірлестіктің кеңейетінін жариялады бірден. Келесі жылы Армения мен Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі болады.
Владимир Путин, Ресей Президенті
-Биыл біздің бірлестікті кеңейту үшін қызу жұмыс істедік. Еуразиялық үштік Еуразиялық бестікке айналып келеді. Қазан айында интеграция жобасына Армения қосылған болатын. Бұл кездесуде Ресей, Беларусь және Қазақстан тиісті келісімді ратификациялады. Жаңа ғана Қырғысзстанды қосу туаралы келісге қол қойылды.
Келелі келіссөздердің қорытындысын бес президент бірлескен баспасөз-жиынында жариялады. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бұл қарапайым кездесу емес. Бас қосу интеграцияның жаңа кезеңі қарсаңында орын алды. 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істей бастайды. Бұл дата әлемдік тарихтан ойып тұрып орын алмақ.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Евразийский экономический союз создан, прежде всего, для простых людей и в их кровных их интересах. На огромном пространстве от Балтики до Тихого океана, от Арктики до Тянь-Шаня более 180 миллионов граждан государств-участников приобретают равные возможности для ведения бизнеса, свободной торговли и занятости, и доступ к коммуникациям. Создав прочный экономический фундамент, мы укрепляем дружбу, добрососедство и доверие между нашими странами и народами.
2016 жылы ортақ фармоцевтикалық нарық, 2019 жылы электроэнергия нарғы жұмыс істейді. Ал 2025 жылға қарай ортақ газ, мұнай және мұнай өнімдері нарығы жоспарланып отыр. Оған дейін бірлестіктің аясы кеңейе түседі деген болжамдар көп. Қазіргі таңда бірқатар шетелдік мемлекеттермен еркін сауда аймығын құру жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Мұндай келісімдер Вьетнам, Израиль, Үндістан, Египет және Түркиямен жасалуы мүмкін. Ал әзірге Армения мен Қырғыз ағайын жақын арада экономикалық бірлестіктің қатарын көбейтеді.
Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан Президенті
-Надеюсь, что к 9 мая мы уже будем в союзе, для меня это очень важно.
Серж Саргсян, Армения Президенті
-Мне остается только поблагодарить глав государств ЕАЭС за поддержку в вопросе присоединения Армении. Отметить огромную работу министерств, ведомств ЕЭК.
Баспасөз конференциясы Беларусь президентінің мәлімдемесімен де есте қалды. Александар Лукашенконың журналистерге өкпесі қара қазандай болып шықты.
Александр Лукашенко, Беларусь Президенті
-Мен БАҚ-ның біздің қызметімізді қалай насихаттап жүргенін мұқият бақылап жүрмін. Бүгінгі таңда шешіліп жатқан мәселелерге қатысты сіздер жинақы көзқарас білдірсеңіздер деп өтініш білдіремін. Мұқият ойланбаған мәлімдемелер жасауға болмайды. Олар біздің одақ аясында жүргізіліп жатқан саясатқа кері әсер етеді. Кебір БАҚ-ы одақтастардың Мәскеуге келіп Ресейден бірнәрсе деметіп, ығыстырып алғысы келеді деп мәлімдеген. Қиын кезеңдерді ескерсек, біреулердің ондай жаман ойы бар шығар, тек Беларусьтің емес.
Мемлекет басшылары Кремльде Ұжымдық қауіпсіздік жөнінде Шарт ұйымының отырысын да өткізді. Президенттер Орталық Азияда белең алып келетін лаңкестік пен экстремизм төңірегінде сұхбаттасты. Ұйымның жауапкершілік аймағындағы ахуалды талқылап, қауіпсіздіктің жаһандық және өңірлік сын-қатерлеріне қарсы дағдарыстық әрекет ету жүйесі жағдайын қарастырды. Жиында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті қауіпсіздікті нығайту үшін ұйымның өзге де бірлестіктермен әрекеттесуге дайын екенін айтты
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-ОДКБ открыт для конструктивного взаимодействия, согласно уставу действует. Те решения, которые сегодня примем, позволят укрепить сотрудничество еще больше. Эффективность повысит.
Отырыстың қорытындысы бойынша мемлекет басшылары 20 шақты құжатқа қойды. Олар ҰҚШҰ аясындағы сыртқы саяси үйлестіруді жетілдіруге, Ұйымның әскери және әскери-экономикалық, терроризммен күрес, ақпараттық қауіпсіздік ынтымақтастығын дамытуға қатысты. Келесі жылғы төрағалық тізгін Тәжікстанға берілді.
ЖҮРГІЗУШІ
-ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛҒАЛЫ БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА 770 ӨНДІРІС ОШАҒЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ. 75 МЫҢ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ. БЕС ЖЫЛДА ЕЛІМІЗ БІРАЗ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ. БІР ҒАНА МЫСАЛ, БҰРЫН-СОҢДЫ РЕСПУБЛИКАДА БОЛМАҒАН ЖАҢА 400 ӨНІМ ТҮРІ ШЫҒАРЫЛДЫ. ОСЫ АПТАДА ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ТЕЛЕКӨПІР КЕЗІНДЕ ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫНДАҒЫ ІРІ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСТЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР «АЛТЫН САПА» ЖӘНЕ «ПАРЫЗ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЛАРЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫН МАРАПАТТАДЫ. БАУЫРЖАН БАҚЫТБЕКҰЛЫНЫҢ БЕЙНЕМАТЕРИАЛЫ.
Жылдың аяқталуына санаулы күндер қалды. Демек, бұл биылғы ел ішіндегі салтанатты шаралардың соңғысы болуы бек мүмкін. Оның үстіне осы жолғы жиынның жүгі ауыр. Индустрияландыру бағдарламасының бірінші бесжылдығы қорытындыланбақ. Содан болса керек, Тәуелсіздік сарайына жиналған жұрт та қисапсыз көп. Дені – істің көзін тапқан іскер азаматтар. Негізгі мейман – әрине, Елбасы. Жаңалық, даралық және сапа. Бес жылда ел ішінде ашылған 770 өндірістің қай-қайсысына да осы сипаттар тән. Телекөпірде Елбасы іске қосқан Оралдағы Трансформатор зауытын да бұл тізімге қосуға болады. Мұнда 6,10,35 кВ-қа арналған ұяшықтар мен трансформаторлар өндірісі жолға қойылды. Жоба толық қуатына шыққанда кәсіпорын жылына 11 млрд. теңгенің өнімін өндіретін болады. Ақтөбедегі рельсарқалық зауытын да бөле-жарып қарауға болады. Кәсіпорында ұзындығы 120 метр болатын жоғары жылдамдықтағы магистральдарға арналған рельстер шығарылады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Мен бұл зауытта болғанмын. Бұл Қазақстандағы тұңғыш рельс шығаратын зауыт. Өте қажет. Қаншама шақырым жолдар салып жатырмыз.
Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында хош иісті көмірсутек өндірісінің кешені ашылды. Павлодар ұнтақ полипропилен грануляциясын шығаратын цехты іске қосты, Жамбыл жел электрастанциясының бірінші кезеңін аяқтады, оңтүстіктегі ағайын бельгиялық технология бойынша кілем тоқуды қолға алды. Алматының да ұпайы түгел. 200 адамды жұмыспен қамтып, тігін-тоқыма фабрикасын ашты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Очень важно видеть государственные затраты для поддержки малого и среднего бизнеса дают такие результаты.
Қызылордада алғаш рет монолитті технологиямен Сырдария өзенінің үстінен ұзындығы 220 метрлік көпір салынды. Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстары сапалы алтынды, ал ақмолалықтар күкірт қышқылын өндіруді жолға қойды. Өскемендіктер болса, оңтүстіккорейлік инвесторлармен бірлесіп, титан құймасын электронды-сәулелі әдіспен шығара бастады. Кәсіпорын өнімдері кеме құрылысында, мұнай өңдеу, химиялық өнеркәсіп пен энергетика салаларында кеңінен қолдынылмақ.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Титан өндіру – Қазақстан үшін жаңа сала. Кәсіпорын өте үлкен. Әрі экологиялық тұрғыда. Даю пуск.
Астанада «А» сыныныбына жататын заманауи қоймалық кешен ашылды. Маңғыстау облысы мұнай өнімдерін сақтайтын терминал салып алды. Алматы облысы «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы құрғақ портты қолданысқа берді. Онда транзиттік жүктер сақталады, өңделеді, кейін әрі қарай жөнелтіледі. Түптеп келгенде, шығыс пен батыс арасындағы тауардың дені осы порт арқылы тасымалданады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Долгожданный огромный проект, осуществляемый совместно с КНР по договоренности высших руководителей наших стран. Мы возлагаем большие надежды на этот порт, увеличению товарооборота между нашими странами, связи Китая с Каспийским морем. Я поздравляю с этим радостным событием. Хоргос будет развиваться еще больше. Я думаю, там, в скором времени, возникнет большой город Казахстана.
Бірінші бесжылдықтың бергені көп. Негізгісі – әрине, жаңарғаны. Тың салалар табыс көзіне айналды. «Қазақстанда жасалған» деген таңбамен елімізде көліктер, пойыз вагондары, локомотивтер, тіпті, тікүшақтар шығарыла бастады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Басынан бастап айтып келе жатқаным, еліміз барлық қазба байлықтарға бай. Сол байлығымыз шикізат ретінде сырт елдерге сатылып, олардың қызығын сол елдер көріп жатты. Қазір сол сыртқа кетіп жатқан шикізатты өзімізде өңдеуге мүмкіндік жасадық. Себебі бізде өндіріс болмады. Технологияны өзімізге әкелу деген қиын шаруаны дағдарыс жағдайында өзіміз әкелуге тырысып жатырмыз.
Нұрсұлтан Назарбаев: «Өндірістегі екпінімізді еселеу керек», – деді. Әсіресе
мұнай мен газдың құны құлдыраған бүгінгі күні. Шикізатты дайын өнімге айналдыруға дереуарада бет бұрғанымыз жөн. Оның үстіне озық елдер секілді отыз жыл сарп етпей, бұл межені бір-екі бесжылдықта бағындыруымыз керек.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Мұндай шаруаны Индонезия, Корея, тіпті Қытай 30-40 жылда жасады. Біз қарқынмен жүзеге асырудамыз. Сонда ғана біз мақсатымызға жетеміз.
Бірінші бесжылдықтың тағы бір бергені бар. Тұтастай болмаса да, айтарлықтай импортқа тәуелділіктен арылдық. Жаңа 75 мың жұмыс орны ашылды. Еңбек өнімділігі әр азаматқа шаққанда 20 мың долларға дейін өсті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Казахстан полностью обеспечен энергией: энергоносителями, топливом и так далее. Мы можем быть спокойны, ни у кого не спрашиваем. Мы обеспечиваем себя основными видами продовольствия: мясом, молоком, хлебом и вот, Бог даст, и овощами. Да, по переработке может быть глубокой, но жить то можно. Вот это и есть наш главный принцип независимости. Постоянно я это ставил перед министерством сельского хозяйства и перед правительством. Если эти основные показатели будут, мы можем не волноваться.
Ішкі нарықты тұтастай өз өнімімізбен қамту үшін ел аумағында жаңадан 5 өңдеу зауытын салуымыз керек. Олар – мұнай мен алюминий өңдейтін жаңа зауыттар, кабель өнімінің толық циклін қамтитын мыс қорыту комбинаты. Екінші бесжылдықта осы бағыттарға басымдық берілмек. Үкімет бұл үшін Қазақстанға кемінде 5 ірі трансұлттық корпорацияны тартуы керек. «Әрине, жиһаз жасау, мата шығару секілді шағын кәсіптерді де қатар ширату керек» – деді Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Судите сами. Для того, чтобы обеспечить 6% рост экономики Казахстана, нам надо создавать ежегодно порядка 10000 рабочих мест и все должны помнить и мы должны во въезде во все областные центры не мои портреты вешать, а вешать табло: сколько рабочих мест создано за прошлый месяц, за прошлый год, за прошлый квартал. Вот чего я требую.
Нұрсұлтан Назарбаев елде еңбек адамы ерекше дәріптелуі керектігін айтты. Бұл үшін Президент үш дәрежеден тұратын арнайы еңбек даңқы орденін тағайындады. Оның үшеуіне де ие болған азамат Еңбек еріне теңестірілмек.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Сейчас надо правительству подумать, как нам поощрять вот этих иноваторов. Иноватор сегодня новая профессия получилась. Без иноватора не будет инновации. Вот как? Давайте специальную государственную премию назначим, большую для хороших инноваций осуществленных, которые дали эффект огромный.
Индустрияландыру бағдарламасының екінші кезеңіне қазынадан қыруар қаражат құйылады. Елбасы сәйкесінше, әрбір тиынның сұрауы болатын айтты. Құзырлы органдар бақылауды күшейтуі тиіс. Стратегиялық жобаны орындауға қарапайым жұрттың жұмылғаны ләзім. Бастысы, дамуымыз даңғыл болуы үшін халық ел ішіндегі бірлікті, келісімді және татулықты ту етуі тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Өмір – күрес. Өмір – бәсеке. Әр адамға, әр елге. Сол бәсекеде жеңіп шығуымыз керек. Анда-санда табанға батпаса, адам жақсылықтың қадірін ұмытады. Қазіргі дағдарыс сол табанға батқан тас деп санайық. Ең бастысы, бірлігімізге бекем болып, татулықты ту етейік. Қоғамдық келісімді тұғыр етейік.
Жиын соңы Елбасының «Алтын сапа» және «Парыз» байқауы жеңімпаздарын марапаттауымен аяқталды. «2014 жылғы үздік индустриялды жоба» аталымында «Ақтөбе рельс арқалығы» зауыты, «2014 жылғы өндірістегі үздік инновация» аталымында «Посук Титаниум» қара үзіп келді. Ал «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының «Гран-приі» Қызылорда облысындағы «ҚАЗГЕРМҰНАЙ» компаниясының еншісіне бұйырды.
Андрей Кузьмин, «Алтын Сапа» арнайы сыйлығының иегері
-Біздің зауыттың баламасы әлемде жоқ. Мұндай рельстерді бірнеше кәсіпорын ғана шығарады, бірақ олардың технологиясы 5-8 жыл бұрын қолданыста болған. Ал біздің зауыт әлем бойынша ең жаңасы. Яғни Қазақстан ең озық технологиямен сапалы өнім шығарады.
Асем Мамутова, «Алтын Сапа» арнайы сыйлығының иегері
- Мен өте қуаныштымын. Бұл марапат – тұтас біздің ұжым еңбегінің жемісі. Біз бүгін барлық белестерді бағындыруға болатынына көз жеткіздік. Ең бастысы, мақсат қоя біліп, технологияны іздеп, инновациялық жобалар арқылы соған қол жеткізуге керек.
Медет Кәрім, «Парыз» байқауы бас жүлдесінің иегері
-Еліміздің тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың қолынан гран-приге ие болып отырмыз. Бұл біз үшін үлкен қуаныш.
Президенттің «Алтын сапа» жүлдесі кәсіпкерлерге отандық өндірісті дамытуға және инновациялық қызметке қосқан үлесі үшін беріледі. Биыл байқауға шамамен 300 компания қатысты. Ал «Қазақстанның үздік тауары» аталымында 153 кәсіпорын өзара бақ сынасты.
Самұрат Имандосов, «Алтын Сапа» сыйлығының иегері
-Көп рахмет Елбасымызға. Әр уақытта Елбасымыз өзінің назарында ұстап, кәсіпкерлерге, тауар өндірушілерге отандық қолдау көрсетіп, әр уақытта жақтап отырады. Бүгін мына беріп жатқан сыйлықты бізге осы біздің еңбегімізді бағалап, жасап жатқан марапаты, бізге жасап жатқан қамқорлық деп түсінеміз.
Талғат Ысқақов, «Алтын сапа» сыйлығының иегері
-Ең бірінші Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шын алғысымызды білдіреміз. Өйткені ол кісінің мына кәсіпкерлерге жасап жатқан қолдауы арқасында біз мемлекеттен арзан жеңілдетілген несиелер алып, біз өндірісімізді бастадық.
ЖҮРГІЗУШІ
-ЖАЛПЫ ӨТІП БАРА ЖАТҚАН ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ ОЛЖАЛЫ, БІРАҚ ОҢАЙ ЖЫЛ БОЛҒАН ЖОҚ. ӘУЕЛІ, ТӨРТКҮЛ ӘЛЕМ ТҮГЕЛДЕЙ ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ САЛҚЫНЫН СЕЗІНГЕНІН АЙТУЫМЫЗ КЕРЕК. БАСҚАСЫН БЫЛАЙ ҚОЙҒАНДА, ҚУАТТЫ САНАЛҒАН ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ ӨЗІНДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БАЯУЛАДЫ. АЛ БІЗДІҢ ЕЛДЕ ШЕ? СӘЛ ШЕГІНІС ЖАСАСАҚ, ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЖЫЛДЫҢ БАСЫНДА «ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – 2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ» ЖОЛДАУЫН ЖАРИЯЛАДЫ. ҚҰЖАТТЫҢ МӘНІ – ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАРДАН ҚОРҒАП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚУАТЫ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ АЛДЫҢҒЫ ОТЫЗДЫҒЫНА ҚОСУ. ПРЕЗИДЕНТ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАҒА НЕГІЗ БОЛАТЫН 7 МІНДЕТТІ АТАП КӨРСЕТТІ. ОЛАР: ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІМІЗДІ КҮШЕЙТУ; АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ҰШТАСТЫРУ; ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ; ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҮШТАҒАН – АГЛОМЕРАЦИЯ, КӨЛІК ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА САЛАЛАРЫНА ДЕН ҚОЮ; ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ШИРАТУ; БІЛІМ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫН ЗАМАН ТАЛАБЫНА БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТТАР ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҮКІМЕТКЕ ОСЫ БАҒЫТТАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРЕ ОТЫРЫП, ІШКІ ЖАЛПЫ ӨНІМІМІЗДІ ЖЫЛ САЙЫН КЕМІНДЕ 4 ПАЙЫЗҒА, ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШИКІЗАТТЫҚ ЕМЕС ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІН 70 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН ӨСІРУДІ ТАПСЫРҒАН БОЛАТЫН.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Кейбір адамдар 2030 жылға дейінгі бағдарламаны жасадық, енді 2050 жылға дейінгі бағдарламаны қабылдап жатырмыз. Бүгінгі жағдайды ойлауымыз керек қой деп жатады. Оны біз түсіндіре білуіміз керек. Мысалы, 2050 жылға дейін озық 30 елдің қатарына кіреміз деген бағдарлама, жыл сайын осы бағдарлама арқылы халықтың әл-ауқатын жақсартады деп түсінуіміз керек. Біз қалған 35 жылды 7 бесжылдыққа бөлсек, сол жеті жылдың әр жылында жеке бір мақсатты орындап, халықтың тұрмысын жақсарта береміз. Егер қай жерге баратынымызды, қандай асуларды алатынымыз, межеміз қандай екенін білмесек, онда біз бүгінгі күннің де мәселесін шеше алмаймыз.
ЖҮРГІЗУШІ
-ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНЫҢ ДЕР КЕЗІНДЕ ЖАРИЯЛАНҒАНЫН ТӨРЕШІ УАҚЫТ ӨЗІ КӨРСЕТТІ. 2013 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАШАСЫНДА ТҰТАНҒАН УКРАИНАДАҒЫ ШИЕЛЕНІС БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ АЙЛАРЫНДА-АҚ ӨРШИ ТҮСТІ. ИРАКТАҒЫ, СИРИЯДАҒЫ, ПАЛЕСТИНА МЕН ИЗРАИЛЬ АРАСЫНДАҒЫ ТЕКЕТІРЕСТЕР КҮШЕЙДІ. БҰЛ ОҚИҒАЛАР ТҮПТЕП КЕЛГЕНДЕ, ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАНЫҢ ТЕЖЕЛУІНЕ ТҮРТКІ БОЛДЫ. ӘРИНЕ, ЖАҺАНДЫҚ НАРЫҚТЫҢ БІР МҮШЕСІ РЕТІНДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫС ҚАЗАҚСТАНДЫ ДА АЙНАЛЫП ӨТКЕН ЖОҚ. БІЗДІҢ ТАРАПТАН ҚАНДАЙ ҚАРЕКЕТТЕР ЖАСАЛДЫ? ЕЛ БИЛІГІ ОДАН ҚОРҒАНУДЫҢ НЕНДЕЙ ТЕТІКТЕРІН ҚОЛҒА АЛДЫ? БАУЫРЖАН БАҚЫТБЕКҰЛЫ ӨТІП БАРА ЖАТҚАН ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ ОҚИҒАЛАРЫНА ШОЛУ ЖАСАЙДЫ.
Жыл басы жоғарғы биліктегі бірақатар ауыс-түйістерден басталды. Әуелі Президент Әкімшілігі басшысы болып бұған дейін Мәжіліс төрағасы қызметін атқарған Нұрлан Нығматулин тағайындалды. Ізін ала Үкіметтің тізгініне де жаңа премьер келді. Жаңа деуге келмес, Кәрім Мәсімов бұған дейін министрлер кабинетін бес жылдан артық басқарған. Алдыңғы дағдарыс тұсында кризис-менеджер ретінде өзінің қарым-қабілетін танытты. Сондықтан, бұл лауазымға қайта тағайындалуы бекер емес.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Қазіргі мынау алмағайып жағдайда, дүниежүзілік дағдарыстың асқындап бара жатқан жағдайында, жалпы саяси ахуалдың өзгеріп бара жатқан жағдайында өте маманданған үкімет керек. Сондықтан өте маманданған Үкімет керек, Үкімет басшысы керек. Сол үшін осындай шешім қабылдауға тура келді. Барлық мәселе экономиканы одан әрі өркендетіп, халықтың әл-ауқатын арттыра беретін жағдай жасау үшін.
Бір ғана қабілетті кадрлар қаржылық қиындықтарға қалқан бола алмайды, әрине. Экономикаға құйылатын қомақты қаражат қажет. Инвестиция тарту маңызды. Елбасы Ақордада отандық және шетелдік инвесторлардың басын қосты. Ел аумағындағы кәсіптерін кеңейтуге шақырды. Мемлекет оған қолайлы жағдай жасауға әзір. Бір жылға тексеруден босатты. Шағын және орта кәсіпке деп Ұлттық қордан 100 млрд. теңге бөлді. Мақсат – 2050 жылға дейін бизнестің Ішкі жалпы өнімдегі үлесін бүгінгі 17-ден 50 пайызға дейін көтеру.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Барлық жағдай жасалып отыр. Мемлекет тарапынан қаржы бөлініп жатыр. Тексерудің мәселелерін төмендетіп жатырмыз. Енді халыққа қызмет істеңіздер. Мемлекет қоржынына бизнестен түсетін қаржы көбею керек жыл сайын.
Кәсіпкерлердің ел экономикасындағы үлесі сүбелі. Сол себепті олардың мәселесі Нұрсұлтан Назарбаевтың ұдайы назарында. Президент іскер азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдаудан, өтініш-тілегін ескеруден, тіпті қажет кезде оларға қол ұшын созудан да тартынған емес. Қазақстан алдында тұрған қазіргі міндет – шикізатқа тәуелділіктен арылып, өндірісті елге айналу. Жаңа зауыттар салуын мемлекетіміз өткен дағдарыс кезінде де доғарған емес. Биыл да бұл жұмыстар қарқынды жалғасты. Мемлекет басшысы жыл орайында ел өңірлерінде болып, Индустрияландыру бағдарламасы аясында қолданысқа енген кәсіпорындардың аяқалысымен жеке танысты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Из введенных объектов программы индустриализации, 1 простаивает, 6 загружены на 40 процентов, на 20 выпуск еще не планируется. В чем причина?
Өңірлерді аралауы барысында Елбасы бұл сұрақты бір емес, бірнеше мәрте қайталады. Ілуде біреуі болмаса, көп аймақтарда тоқырап тұрған осындай бірді-екілі өндіріс бар. Нұрсұлтан Назарбаев құзырлы ведомстваларға олардың мәселесін бір жайлы етуді тапсырды. Себебі келер жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ іске қосылады. Бұл отандық бизнестік сыналатын ғана емес, шыңдалатын тұсы. «Кең нарықтың мүмкіндігін кәсіпкерлеріміз қапы жібермеуі керек», - деді Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Сейчас после подписания договора о Евразийском экономическом союзе возможности выходить на российский простор для предприятий востока появились очень хорошие. Торговать без пошлин, без таможенных барьеров, выходить на соседние страны, конкурировать. В этом как раз показатель будет.
Мемлекет басшысының бұл сөздері бір облысқа ғана емес, тұтас төрт өңірге қаратыла айтылды. Президент жыл орайында барлық аймақтарда болды, тіпті екі мәрте ат басын бұрған облыстар бар. Мемлекеттің өңірлерді өркендетуге деген ықыласы осыдан-ақ аңғарылады. Ал астықты аймақтарға Елбасы сапарын орақ науқанына орайлады. Президент облыс активтерімен кездесті. Шаруалармен жеке тілдесті. «Егіннен бөлек майлы дақыл себуге көңіл бөлу керек», – деді. Оған сұраныс көп, есесіне шығымы жақсы, жер тыңайтатыны тағы бар. Ал астық – маусымдық кәсіп. «Сондықтан жыл он екі ай нәпақа табам дегенге, мал шаруашылығына да қатар иек артқан жөн», – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Вот вы все – посеял, убрал, отдыхать надо зимой, весной опять. С этим надо кончать, поэтому мы вам животноводство внедряем конкретно. И надо начинать продавать мясо, продавать тонну пшеницы или тонну эту превратить в мясо стоимость в 5 раз больше.
Нұрсұлтан Назарбаев қойып отырған талап –т ек ішкі сұранысты жабу емес, экспорттық мүмкіндігін молайту. Бұл үшін мемлекет транспорттық әлеуетін күшейтуде. Жібек жолын жаңғыртуда. Тамыз айында Президент «Арқалық-Шұбаркөл», «Жезқазған-Бейнеу» жаңа темір жол желілерін қолданысқа берді. Бұл бағыттар солтүстік пен оңтүстік, шығыс пен батысты жалғап, бұған дейін тығырық саналған орталықты Каспий теңізіне қосты. Енді тынық мұхиты мен Қытай елінен келген тауарлар «Жезқазған-Бейнеу» магистралімен Түркменстан, Иран арқылы Парсы шығанағына тікелей жол тартады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Батыс пен шығысты Арқа төсі арқылы жалғаған темір жол елдің жалпы транзиттік әлеуетін көтеретін болады. Достық станциясына кіретін транзиттік жүктердің Еуропаға жету жолы 1 200 шақырымға қысқарады. Соның арқасында болшақта тасымал көлемі 21 млн тоннаға асатын болады. Неғұрлым тонналар көп болса соғұрлым экономика өсті деген сөз. Барлығын санағанда 2 жарым мың шақырым темір жол салынды Қазақстанда.
Еліміздің транзиттік әлеуетін әлді етуге батыстағы Ақтау теңіз-сауда порты да салмақты үлес қоспақ. Қазірдің өзінде мұнда жылына 2000 кеме келіп-кетеді. Бүгінде оны солтүстік бағытта кеңейту жобасы іске асуда. Қосымша екі терминал салынуда. Нәтижесінде порттың жүк өткізу мүмкіндігі 2 есе көбейіп, 20 млн тоннаға жетеді деп күтілуде. Биылдан бастап Қазақстанда әйгілі Тойота Фортунер көліктері шығарыла бастады. Жол талғамайтын темір тұлпар Сан Енг, Хюндай, Ивеко маркалы көліктермен «СарыарқаАвтоПром» кәсіпорынында құралады. Жоба толық қуатына шыққанда аталған көліктердің жылына 3 мың данасы құрастырылатын болады. Жалпы индустрияландыру бағдарламасы басталған 5 жылдың ішінде Қазақстанда 770 жоба жүзеге асыпты. Нәтижесінде 3 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, экспорт шамамен 150 млрд. теңгені бүтіндеді. Біз үшін таңсық болған 400 тауар түрі шығарыла бастады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Индустрияландыру бағдарламасымен тек Исекешев емес, барлығыңыз айналысуға міндеттісіз.
2015 жылдан іске асырала бастайтын екінші бесжылдыққа Үкімет жаңа жоспар бекітті. Қаржыландыру құралдары, бағдарлама қамтитын салалардың тізімі нарық сұранысына орай тұтастай қайта түзілді. Өткен тәжірибеде кеткен кемшіліктерге жол берілмеуі тиіс. Сондықтан Президент Үкімет құрамын ықшамдау туралы шешім қабылдады. 17 министрліктің 12-сі қалды. Үкімет құрамындағы агенттік атаулының ендігәрі бірі де жоқ. 54 Комитеттің 30 ғана бар. Бұл қысқартудың себебі біреу, ол – жаһандық дағдарыс жағдайында мемлекет қолға алған бағдарламаларды мүлтіксіз орындай алатын шағын, бірақ «кәсіби» үкімет жасақтау.
Индустрияландыру бағдарламасының екінші кезеңін жүзеге асыруға 6,6 трлн. теңге жұмсалады деп күтілуде. Оның 6 трлн квазимемлекеттік және жеке сектордың инвестициясы болады. Бұл бағдарламаны қаржыландыруға жұмсалатын мемлекеттің әрбір теңгесіне жеке инвестицияның 4 теңгесінен келеді деген сөз. Президент: «Қырауар қаражаттың әрбір тиынына есеп болуы керек», – деді. Құзырлы органдардың қатаң бақылауы қажет. Ал партиялық бақылау дегенде «Нұр Отанға» артылатын үміт үлкен. Билік партиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған тұтас бағдарламасын бекітті. Биылғы жыл тағы бір айшықты оқиғасымен есте қалды. Жаз ортасында Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының туын қабылдап алды. Дәл осы сәттен бастап ресми түрде көрме нысандарының құрылысы басталды. Айта кетейік, ЕХРО халықаралық көрме кешені 2016 жылдың желтоқсан айына дейін салынады деп жоспарлануда.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Еліміздің алдында тұрған үлкен мақсат – мынандай алмағайып заманда экономикамызды түзеп, жағдайымызды жақсартып, индустриялық Қазақстан жасау. Сол кезде еліміз түрленеді, басқа кадрлар даярланады. Экономика жаңарады. Біз шынымен 30 өркендеген ел қатарына қосыламыз. Осындай алдымызда тұрған мақсат, ертең бұл істеген жұмысымыздың жемісін көресің. Қолмен істейсің, көзбен көресің, елдің ризашылығына бөленесің. Бұның өзі бақыт. Осы жұмысты жұмыла істейік, халыққа қызмет істейік.
ЖҮРГІЗУШІ
-«НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ». БҰЛ БИЫЛ КҮТПЕГЕН, БІРАҚ ДЕР КЕЗІНДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН ЖОЛДАУ БОЛДЫ. «АЛЫСТЫ ЖАҚЫН ЕТУ. ЖОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮЙІНІ ОСЫ! БАРЛЫҚ АЙМАҚТАР», – ДЕДІ ЕЛБАСЫ. ТЕМІРЖОЛМЕН, ТАСЖОЛМЕН, ӘУЕ ЖОЛЫМЕН ӨЗАРА ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСУЫ КЕРЕК. АСТАНАДА ТОҒЫСҚАН ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫ ЕЛОРДАНЫҢ ЖАСАМПАЗДЫҚ РУХЫН ТАРАТАТЫН ӨМІР-ТАМЫРҒА АЙНАЛУЫ ТИІС. АЙМАҚТАРДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН ЖАҚСАРТУ ЕЛДІҢ ІШКІ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ. ОБЛЫСТАРДЫҢ БIP-БIPIМEН САУДА-САТТЫҒЫН, ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫН НЫҒАЙТАДЫ. ЕЛ ІШІНЕН ТЫҢ НАРЫҚТАР АШАДЫ.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Кезінде Ұлттық қордың не үшін құрылғанын қаперлеріңізге салғым келеді. Оны басты міндеті – тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы жайсыз жағдайлардан қорғау. Дәл қазір біздің осы қорымызды қажетке жарататын кез келді.
2015-тен 2017 жылға дейінгі кезеңде Ұлттық Қордан жыл сайын қосымша 3 миллиард долларға дейін қаржы беріледі. Президент осындай шешім қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев әрбір теңгенің қатаң сұрауы болатынын айтты. Әлемдік қаржы институттары Қазақстандағы ірі жобаларға 9 миллиард доллар шамасында инвестиция құюға дайын. Оған 2017 жылға дейін, жыл сайын бөлінетін әлгі 3 миллиардты қосыңыз. Бұдан бөлек биыл, ақпан айында Ұлттық қордан алынған 1 триллион теңге тағы бар. Қорыта айтқанда, инфрақұрылым мен жолдарды дамыту бағдарламасына 24 миллиард доллар жұмсалады. Мұндай көлемдегі қаржы Қазақстанда бұрын-соңды бөлінген емес.
Зұлфухар Гаипов, Саясаттану ғылымдарының докторы
-Біріншіден, бұл туризмге үлкен әлеует береді. Туризм даму арқылы сол жерде жаңадан әлеуметтік нысандар пайда болады, бұл біріншісі, екіншісі біз жолдарды жақсарту арқылы аймақаралық және халықаралық байланысымызды нығайтамыз.
ЖҮРГІЗУШІ
-2014 ЖЫЛ ЖАҢА ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ІРГЕСІ ҚАЛАНҒАН ЖЫЛ РЕТІНДЕ ТАРИХТА ҚАЛМАҚ. ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ 20 ЖЫЛ БҰРЫН МӘСКЕУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАРИЯ ЕТКЕН «ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ ҚҰРУ» ИДЕЯСЫ ӨМІРШЕҢДІГІН ДӘЛЕЛДЕДІ. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚҚА БАРАР ЖОЛ БАРЫНША ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛДАНДЫ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ОДАҚТАС БОЛАТЫН ҮШ ЕЛ ӨЗ МҮДДЕСІНІҢ ҚОРҒАЛУЫН ҚАМТУҒА ҚАТЫСТЫ ЖАЙТТЕРДІ СҮЗГІДЕН ӨТКІЗДІ. ҚАЗАҚСТАН, РЕСЕЙ МЕН БЕЛАРУСЬ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ КЕДЕН ОДАҒЫ МЕН БІРЫҢҒАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІК ӨЗ НӘТИЖЕСІН КӨРСЕТТІ. СӨЙТІП ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫҢ БИІК ДЕҢГЕЙІНЕ БАСТАЙТЫН ТАРИХИ ҚҰЖАТ АСТАНАДА ҚАБЫЛДАНДЫ.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Мы объединяем свой экономический потенциал. Во благо процветания наших народов. Прежде всего союз является экономическим. И не затрагивает вопросы независимости. Политическо суверениета государств участников ЕАЭС. Символично что исторический акт создания ЕАЭС подписан в городе Астане новая столица независимого Казахстана.
Еуразиялық интеграцияның мүмкіндіктері көп. Мәселен, тек үш елдің Қазақстан, Ресей және Беларусь экономикаларының жиынтық көлемі 2,2 триллион доллар болса, шығарған өнеркәсіп өнімі 1,5 триллион долларға жуықтады. 2030 жылға қарай Ішкі жалпы өнімнің өсімін 900 миллиард долларға жеткізу жоспарланған. 2 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа халқының саны 3 миллион, экономикасы қарқынды дамыған аграрлы-өндірістік ел Армения кіреді. Арменияның ізін ала Қырғызстан да қатарға қосылмақ. Хош, сонымен Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап өз жұмысын бастайды. 2019 жылға дейін бірыңғай энергонарық, 2025 жылға қарай газ және мұнай өнімдеріне ортақ мүмкіндік пайда болады. Он бір жылдан кейін Алматыда одақтың бірыңғай қаржы реттеуіші, Минскте бірыңғай соты ашылады.
Талғат Демесін, экономист
-Еуразиялық экономикалық одақтың ең басты артықшылықтарының бірі, бұл жерде үлкен тәжірибе бар. Ресей, Белоруссияны қоссақ. 10 есе өседі нарық сыйымдылығы. Ал нарық сыйымдылығы неғұрлым үлкен болған сайын өткізу, сұраныстың көбеюі, тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі артатыны ол айдан анық нәрсе.
Станислав Наумов, Интеграциялық зерттеулердің еуразиялық орталығының атқарушы директоры
- Тауарлардың сапасы артады. Демек, қол жетімді бағамен сапалы өнім сатып ала аласыз. Жолаушылаған ағайынның сапары да оңайлатылады. Ортақ келісілген тариф, сапалы қызмет көрсету жолға қойылады. Халықаралық роуминг байланысына қатысты бұрынғыдай шекара асқан жағдайдағы кедергілерді сезінбейсіз. Демек, бірыңғай ақпараттық кеңістікте өмір сүретін боламыз. Бизнес диалог аясында ұлттық компаниялармен өте жақсы байланыс қалыптасып келеді. Енді оқу орындарымен де қарым-қатынасты тереңдетуге мән берген абзал.
Жүргізуші
-Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің президенттері мәселе қаралған кезде біреуі қарсы болса, ешқандай шешім қабылданбайды. Консенсус деген осы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау төріндегі сұхбатында: «Экономика өсіп-өнбесе, басқа шаруаның бәрі шешілмейтінін, тіл де, дін де жайына қалатын айтып, бұған түсіністікпен қарау керек», – деді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Мен бір рет айттым, тағы қайталап айтам, Тәуелсіздікке нұқсан келтіретін болса, ондай ұйымдарда Қазақстан ешуақытта болмайды. Біздің ең жоғары бағалайтын байлығымыз – Тәуелсіздік. Ата-бабамыздың қанымен, терімен келген Тәуелсіздікті біз ешкімге бере алмаймыз. Оны қасық қанымыз қалғанша қорғауымыз керек. Сондықтан бұл жөнінен ешқандай күдік болмасын.
Өз тарихын білмеген ұлттың ертеңі бұлыңғыр. Осыны тағы бір еске салған Елбасы Ұлытау төріндегі сұхбатында сіз бен біз үшін аса маңызды терең әңгіменің тиегін ағытты. Қазіргідей жаһандану кезеңінде Тәуелсіздікті сақтаудың үштағанын ұсынды. Біз діннен де, тілден де айырыла жаздаған елміз. «Дініміз өзіміздікі, қолымызға тиді. Қазір бізге ешкім одан алшақта деп айтпайды», – деді Президент. Әркімнің өз еркі бар. Бірақ осыны дұрыс жолмен жүргізуіміз керек. Елбасы тіл жайында да пікірін білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Ешкімге қазақ тілінде сөйлеме деп, кедергі жасап отырған бір адам жоқ. Өзіміз қазақша сөйлеуіміз керек. Қандай мінбеден қазақша сөйлесең де, ешкім «тәйт, былай тұр» деп айтпайды. Қанша адам отырса да, соларға арналған аудармасын беріп, қазақ тілінде сөйлеуге болады. Біз тілімізді құрметтей білуіміз керек. Ешкімге анау сөйтпеді деп уәж айтудың жөні жоқ.
ЖҮРГІЗУШІ
-ҚАЗАҚСТАН ӨЗІНІҢ КӨПВЕКТОРЛЫ САЯСАТЫН ЖАЛҒАСТЫРА БЕРЕДІ. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚҚА ҚОСЫЛДЫҚ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУГЕ ҚАМДАНЫП ЖАТЫРМЫЗ. БҰДАН БӨЛЕК, ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚПЕН КЕҢЕЙТІЛГЕН СЕРІКТЕСТІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕРДІ АЯҚТАДЫҚ. БИЫЛ ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ӨЗІНІҢ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН 40-ТАН АСТАМ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ. ҚАЗАҚСТАН БАСТАМАЛАРЫНЫҢ ҚАЙ ҚАЙСЫСЫНДА ӘЛЕМ ЕЛДЕРІ ҚОЛДАЙДЫ, ОЛАР ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕ БЕРУГЕ МҮДДЕЛІ. ПРЕЗИДЕНТТІҢ СЫРТ ЕЛДЕР ЖАСАҒАН САПАРЛАРЫНА МҰХТАР ЫБЫРАЙЫМ ШОЛУ ЖАСАЙДЫ.
Жылдың ең айшықты оқиғасының бірі – наурыз айында Гаагада өткен 3-ші ядролық қауіпсіздік саммиті. Ядролық қауіпсіздік жайы кеңінен талқыланды. әлемдік Алаш елі көшбасшылар басқосуынан тыс қалмады. Ядролық қарусыздануға қосқан үлесі ескеріліп, Нұрсұлтан Назарбаев бұл жиында көш бастады. Гаагаға 58 әлемдік көшбасшы келді. Президенттер, премьерлер мен халықаралық ұйым басшылары. Елбасы қазақ елінің ұсыныс-ұстанымдарын ортаға салды. Еліміз ядролық қауіпсіздікті нығайту жолында қолдау көрсетуді жалғастыра бермек. Президент ядролық қарусыз жаңа аймақтарды қалыптастыру бастамасын қолдайтынын жеткізді. Бұл саммит халықаралық күнтәртібінде тұрған негізгі мәселелерді шешу жолдарын қарастыру алаңына айналды. Жыл бойы көпті толғандырған басты түйткіл Украина мәселесі де бұл саммите көп айтылды. Ақорда түйінді тек бейбіт жолмен шешуге шақырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Бұл нәрсеге ақ-қара деп қарауға болмайды. Тарихи жағдайы бар, геополитикалық жағдайы бар. Болар іс болды. Оны бәріміз білеміз. Осыдан енді қалай бейбіт жолмен шығу керек, соны ойластыру керек. Российско-украинские события взволновали и наше население тоже. Я это понимаю. Интеграционный союз, в рамках ОДКБ, является защитой от того, что такое у нас не может повториться. Никак.
Қазақстан Украина мәселесін шешуге айтарлықтай атсалысып жүр. Нұрсұлтан Назарбаев пен Белерусь президенті Александр Лукашенконың бастамасымен биыл Украина мен Ресей басшысының кездесуі ұйымдастырылды. Арасына от түскен ағайындарды татуластыру, тым болмағанда бір табан жақын қылуға талпыныс. Минскідегі кездесудің міндеті ресми Киев пен Мәскеу арасындағы экономикалық дүрдараздықтың тігісін жатқызып, ортақ мәмілеге келтіру болды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Достижение какого-либо результата невозможно без взаимных компромиссов и уступок. Очень многое зависит от конструктивной позиции самой Украины, России и Европейского союза. Мы придаем большое значение сегодняшней встрече, которую мы инициировали с Президентом Беларуси Александром Лукашенко. Все надеются, что мы придем к позитивным результатам.
Қазақстан мен Қытай – меймандос көршілер ғана емес, стратегиялық серіктес. Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылдың мамырындағы Қытайға сапары кезінде әріптесі Си Цзиньпинмен жан-жақты байланысқа екпін берді. Бүгінде Қытай капиталының қатысуындағы жобалар еліміздегі 14 облыстың 13-ін қамтып жатыр. Бір ғана энергетика саласында бірлескен 11 жоба жүзеге асырылуда. Тауар айналымы 28 млрд. доллардан асты. 2016 жылға қарай бұл көрсеткішті 40 млрд-қа жеткізу межеленіп отыр. Екі елдің алыс-берісін арттыруда көлік әлеуетін күшейтудің маңызы зор. Осыдан он жыл бұрын арадағы жүк тасымалын жаңғырту жолында біздің ел Қытайдың шығысындағы Ляньюньган портын пайдалану туралы келісімге келген болатын. Нәтижесінде бұл айлақта жеке қазақстандық терминалды тұрғызуға қол жеткізіліп, қазақ-қытай бірлескен кәсіпорыны құрылды. Биыл екі ел басшысы телекөпір арқылы осы терминалдың алғашқы кезегін ашуға пәрмен берді. Қазақстанның Еуроодақ елдерімен де байланысы нығайды. Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге сапары барысында кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім жобасы бойынша 4 жылға созылған келіссөздері аяқталды. Ол жайлы бірлескен құжат та қабылданды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
- Казахстан единственная страна в централньой Азии, которая подпишет с ЕС соглашение второго поколения. Это свидетельствует о том что отношения выходят на качественно новый уровень. И подчеркивает стратегический характер зрелости нашего партнерства. Мы создали сильную юридическую платформу для углубления сотруднеичеситва между казахстаном и ЕС по широкому кругу областей. Включая образорвание, внедрение инноваций, культуру.
-Бас-аяғы 29 бағыт бойынша ынтымақтастықты арттыру көзделген. Өзара визалық тәртіпті жеңілдету жайы да талқылануда. Бірқатар жеке санаттағы азаматтар үшін жақын болашақта жеңілдіктер жасалмақ. Қазақстанның ДСҰ-на кіруі аясындағы келіссөздер де аяқталды. Демек, ел экономикасын нығайтуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-В новом соглашении находит отражение активизация регионального сотрудничества. Одним из ключевых аспектов документа яваляется торговый раздел. Он учитывает обязательства принимаемые казахстаном в рамках встпуления в ВТО и принятые в рамках ТС и ЕАЭС. Мы принимаем все усилия чтобы стать членом этой всемирной организации до конца текущего года.
Биыл Қазақстан «Азия мен Еуропа» форумына мүше атанды. Алаш елі – Орталық Азиядан осы форумның мүшесі болған жалғыз мемлекет. Миланда өткен 10-шы мерейтойлық жиынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Екі күн бойы жаһандық түйткілдер мен ортақ қауіп-қатерлердің алдын алу талқыланды. Мемлекет басшылары адам құқықтары мен қоршаған ортаны қорғау, кедейлікпен күрес және азық-түлік қауіпсіздігі, аймақтық, жаһандық мәселелерді бірлесіп шешуге мән берді. Украина мәселесі де саммит алаңдарында кеңінен қозғалды. Бұл тақырып Тәжікстанда өткен ШЫҰ саммитінде де әңгімеге арқау болды. Алтылық күш сарқитын басым бағыт, қашанда өңірлік қауіпсіздік. Сондықтан Ұйымға мүше елдер басшылары Ауғанстан мәселесін де назар аударды. Жиында экстремизм мен лаңкестікке қарсы бірлесіп күресу жайттары айтылды.
Ал Астраханьда өткен Каспий жағалуы елдері басшыларының саммитінде серіктес бес елдің көшбасшысы Каспий төңірегінде түйткілдерді талқылады. Теңізді жіктеу мен құқықтық мәртебесін белгілеу мәселесі көш бастап тұрған. «Бестік» бұл төңіректе терең сұхбаттасты. Бастысы, теңіздің байлықтары бес елге де ортақ болуға тиіс. Сондықтан оны бірлесіп басқару және су айдынында заманауи құқықтық режим қалыптастыруға мән берілді. Биыл Қазақстанның Таяу Шығыс елдерімен де ынтымағы артты. Елбасы Дубайда өткен 10-шы дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жұмысына қатысып, ислам әлемінің бірқатар көшбасшыларымен жүздесті. Қазақстан ислам мемлекеттерімен ынтымақтастықты арттыруға дайын. БАӘ, Иран, Түркия және Малайзия елдерімен индустриялық бағдарлама бойынша әріптестік тығыз. Еліміз ТМД елдері арасындағы Ислам даму банкімен ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеген алғашқы мемлекет. 2007 жылы елімізде «Әл-Хилал» ислам банкі ашылған болатын.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Члены ОИС контролируют 70 процентов мировых энергетических ресурсов и экспортируют 40 процентов мин сырья. Однако, на страны Организации приходиться только 7,5 процентов мирового ВВП и 11,2 процента от общего объема глобального торгового оборота. Требуются решительное сотрудничество и принятие необходимых инициатив, для того что бы достойно встретить и преодолеть глобальные вызовы.
Қазақстан – «Ұлы жібек жолын» жаңғыртып жүрген бірден бір мемлекет. Ел аймағында ашылған авто және темір жолдар өз алдына, жыл соңында «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» темір жол желісі іске қосылды. Теміржолдың жалпы ұзындығы – 922 шақырым. Оның 146-сы Қазақстан аумағында жатыр. Өзен станциясынан бастау алатын желі Түркіменстанның «Қызылқая-Берекет-Этрек» станциялары арқылы Иранның Горган станциясымен жалғасып кетеді. Әрі қарай осы елдің ішкі бағыттары бойынша Парсы шығанағына шығады. Кейін кәрі құрлыққа барып тоғысады. Келесі жылы бұл желі арқылы 10 млн тонна жүк тасымалданады деп болжанып отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Біздер құрлықта орналасқан мемлекеттеріміз. Бұрын жүктерімізді Каспий теңізі бойынша тасымалдайтынбыз. Жаңа жол біздердің сауда-экономикалық байланысымды арттырады. Қазақстан тікелейц Қытайға шығатын жол салды. Енді, Еуропаға тауарларымызды тасымалдаудың мүмкіндігі туды.
Биылғы жыл қазақ елі үшін жемісті деуге толық негіз бар. Сыртқы саясатта белді деген шараларға ат салысып, алыс-жақын серіктестермен байланыстар нығайды. Осылайша Батыс пен Шығысты байланыстырып тұрған алаш елі көпвекторлы саясатын әрі қарай да ұстана бермек.
ЖҮРГІЗУШІ
-АСТАНА БИЫЛ ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫ. БІР ЕМЕС БІРНЕШЕ МӘРТЕБЕЛІ МЕЙМАН ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ САПАРЛАП КЕЛДІ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АҚОРДА ТӨРІНДЕ БІРНЕШЕ АЛПАУЫТ ЕЛДЕРДІҢ КӨШБАСШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ. АЙТУЛЫ КЕЗДЕСУЛЕРДІҢ НӘТИЖЕСІ ҚАНДАЙ? БАҒДАТ БЕКТҰРҒАНҚЫЗЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ.
12 айда 30-дан астам қабылдау. Нұрсұлтан Назарбаев Франция, Швейцария, Ресей, Албания басшыларымен кездесті. Корольдер мен әміршілер де Ақорда төрінде қонақ болып, ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды. Жылқы жылындағы алғашқы мәртебелі мейман – Катар мемлекетінің әмірі Тамим бин Хамад әл-Тани. Айтпақшы әмірдің шетелге жасаған алғашқы сапарының бірі Астанаға арналды. Катар ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібіне инвестиция құюға ниетті. Ал Малайзия экономиканы қаржыландыруға келісті. Бұл туралы ұйғарымын Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Разак Қазақстанға жасаған ресми сапарында мәлім етті. Шетелдік іскерлер Маңғыстау мен Жымбыл облыстарында 2 жобаны іске асыруға кірісті. Бұл сапардың жөні бөлек. Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Корея тарихындағы алғашқы әйел Президент Пак Кын Хемен жүздесті. Оңтүстік Корея әлемдегі экономикасы озық жетекші 20 елдің қатарында. Қазақстанға 20 жыл ішінде келген оңтүстік кореялық инвестиция 5 миллиард долларға жетті. Енді 15 бірлескен жоба іске асырылмақ. Астанада жария болған тағы бір жаңалық, стратегиялық әріптес екі ел арасындағы ықпалдастық жаңаша сипат алады. Бірлескен инвестициялық қор құрылады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Наше взаимодействие в области энергетики, автомобилестроения, машиностроения, строительства, горнорудной промышленности, здравоохранения, а также образования и науки имеет высокий уровень. Товарооборот достиг 1,5 млрд. долларов США.
Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарусыздану төңірегіндегі айқын ұстанымын жеткізіп, Корей түбегіндегі мәселенің бейбіт түрде шешілуінен үмітті екендігін айтты. Бұл тақырып Иран Президентімен өткен кездесуге де арқау болды. Хасан Руханидің қазақ басшысымен жүздесуіндегі мәлімдегені: Ислам Республикасы экономикалық қатынастарды арттыруға мүдделі. Ирандық кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы мен көлік-транзит салаларын бірлесе дамытуды құп көреді. Халықаралық аренадағы Қазақстан ролін арттырған тағы бір жүздесу Бурабайда өтті. Президент АҚШ Конгресінің мүшелерін қабылдады.
Дэйна Рорабакер, АҚШ Конгресінің мүшесі
-Біз бірлескен мәлімдеме жасауды жөн көрдік. Біз екеуміз Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы ұсынысын қолдаймыз. Себебі бұл дұрыс қадам, әлемдік даму қарқынына және қос елдің экономикасын алға ілгерілетуге ықпал етеді.
Ал Швейцария Президентімен кездесуін дәстүрлі деуге келмес. Саяси тұрғыдан алғанда ұстанымы біркелкі, әрі бұл елдің мемлекеттілікті нығайту мен түрлі салаларда саясатты жүргізуі қазақстандық тәжірибеде қолданыста бар. Бұл Дидье Буркхальтердің Швейцария Президенті ғана емес, ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы есебінде Орталық Азияға сапары аясында Қазақстанға алғаш келуі. Қос тарап талқыға салған тақырып экономика аясында шектелмеді. Халықаралық күн тәртібіндегі қауіпсіздік жайы сөз болды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-В международном плане в политике мы придерживаемся одного взгляда на события. Есть у обеих сторон желание быстрее решить проблему украинского кризиса, чтобы в этой стране установился мир и благополучие.
Қазақ еліне жарты миллиард доллар инвестиция бөлу. Француз делегациясының Қазақстанға сапары нәтижесінде жасалған ұйғарымның бірі осындай. Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев пен Франсуа Олланд бірлескен декларация қабылдады. Білім беру, мемлекеттік басқару, туризмді дамыту мен ғарышты игерудегі ынтымақтастықты арттыруға бағытталған маңызды құжаттарға қол қойылды. Айтпақшы осы тұста қазақ басшысының ел күтпеген келелі кездесудің орайын келтірді. Бұл туралы шетелдік баспасөз жарыса жазды. Француз басшысы Астанадан кейін Мәскеуге аялдады. Мұндай жоспардан тыс шешімге келуіне Қазақстан Президенті ықпал етіп, оны Путинмен кездесуге келістірді. Назарбаев пен Олланд Ресей мен Батыс арасындағы шиеленісті тарқатып, бітімге келтірудің жолын іздеуге тырысты. Бұл кездесу бейбіт келіссөздер бастамасына себепкер болмақ ниетте жасалды. Саяси мәселелер мен экономикалық қатынастарда Президент Назарбаевтың ұстанымын толығымен қолдау. Бұл туралы Чехия Президенті Астанада мәлім етті. Милош Земан Қазақстанды өз елінің сенімді серіктесі екендігін шегелеп айтты. Екікүндік сапарында құны жарты миллиард долларды құрайтын келісімдер жасалды. Қарашаның дәл осы күні қазақ басшысы үшін аса қауырт әрі маңызды жүздесулерге толы болғанын айтпасқа болмас. Таңертең француздық әріптесімен кездесу түс ауа Өзбекстан Президенті Астанаға аяқ басты. Көрші елдің басшысымен арадағы әңгіме ауаны өзекті. Екі елге ортақ су ресурстарын басқаруға қатысты бағыттар нақтыланды. Сарапшылардың пайымдауынша, толғақты жайдың дипломатиялық шешімі тек Астанада жасалған болуы мүмкін. Қазақстан Президентінің көрегендігіне тағы бір көрші ел Қырғызстан басшысы үміт артады. Алмазбек Атамбаев кездесуден кейін таңданысын жасырмады. Небары бір жолғы сапарда бірнеше түйткілдің түйіні тарқатылар деп күтпеген-ді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-По просьбе Президента мы оказываем помощь в поставке электроэнергии 400 млн. киловатт в этом году и 1 млрд 4 млн киловатт в следующем году.
Жыл соңына қарай Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Қазақстанға ресми сапармен келді. Ли Кэцяннің айтуынша, аспан асты елі саяси-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға мүдделі. Ал Қазақстан Президентінің әлемдік саясаттағы беделі жоғары мәнге ие. Осы фактор да халықаралық қатынастағы мәселелерді шешуге айрықша ықпал етіп келеді.
ЖҮРГІЗУШІ
-ЭКОНОМИКА – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАРОМЕТРІ. ОНЫМЕН ӨМІРІМІЗДІҢ САПАСЫ ӨЛШЕНЕДІ, ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТАРАЗЫЛАНАДЫ. МӘСЕЛЕН, 2014 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАШАҒА ДЕЙІНГІ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ИНДИКАТОРЫНА КӨЗ САЛСАҢЫЗ, ӨСІМ БАЙҚАЛАДЫ. СТАТИСТИКА АГЕНТТІГІ БЫЛАЙ ДЕЙДІ. БИЫЛ 11 АЙДАҒЫ НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ 5,6 ТРЛН ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ, БҰЛ 2013 ЖЫЛДЫҢ ОСЫ МЕРЗІМІНЕ ҚАРАҒАНДА 4,1%-ҒА АРТЫҚ. АЛ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРГІ БӨЛШЕК САУДА КӨЛЕМІ 5,3 ТРЛН ТЕҢГЕ БОЛҒАН. МҰНДАҒЫ ӨСІМ – 12,3 ПАЙЫЗ. ТАҚЫРЫПТЫ ЖАСҰЛАН ӘБДІХАЛЫҚ ТАЛДАЙДЫ.
Жылқы жылы жаһандық экономиканы сынға түсірді. Алайда халықаралық қауымдастықтың бір мүшесі Қазақстан дауыл алдындағы тыныштық, яғни дағдарыс болмай тұрып-ақ әзірлікке кірісіп кетті. Сонымен жылдың басты экономикалық оқиғасы – теңге бағамына түзетудің енгізілуі. Қазақстан ішкі һәм сыртқы факторларды ескере келе, теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан бас тартты. Нәтижесінде АҚШ долларының бағамы 150 теңгеден 185 теңге көлеміне көтерілді. Сарапшылар: «Теңгенің түрленуі біздің экономикамызға оң әсерін тигізді», – деп бағалады. Мәселен, ұн мен астықты экспорттауда еліміз әлемде бірінші орын алады. Ал бидай валюталық тауар болғандықтан ұтпасақ, ұтылмадық.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Тек осы өлшем ғана біздің экономикамызды 6 процент өсіммен қамтамасыз ете алады. Яғни қарапайым халық мынаны түсінуі керек. Экономиканың өсімі дегеніміз – бюджеттің артуы, ол түптеп келгенде зейнетақы, жәрдемақы, жалақы арқылы халыққа барады. Сондықтан біз экономикалық өсім үшін барлық қадамға баруымыз керек.
Ақпан айында атқарушы биліктің барлық буыны жиналған жиында Елбасы: «Ұлттық банк пен Үкіметтің теңге бағамын өзгертетін жөні бар, бірақ ендігі шаруа алыпсатарлық пен қымбатшылыққа қырағы болуымыз керек», - деді. Ол рас.
Ғалым Байназаров, қаржыгер
-Еуро, доллар, рублмен салыстырганда да бізде ұтыс бар. Шегініп тұрған жоқпыз. Плюстеріміз бар. Осы бағытпен жылды аяқтаймыз деп отырмыз.
Айтпақшы, кәсіпкерлердің айы оңынан туған жыл болды биыл. Бизнес өкілдерін заңсыз тексеруді тиюды тапсырған Президент шағын және орта бизнесті ұзақ мерзімге несиелендіру үшін Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінетінін айтты. Тапсырма жүзеге асты да. Артынша Елбасы үстіміздегі жылдың 2 сәуірінен 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субьектілерін тексеруге мораторий жарияланатынын мәлімдеді. Нәтижесінде кәсіпкерлерге қойылатын талаптардың жалпы саны 30 пайызға дейін қысқарды. Ол ол ма, Президент «Нұрлы Жол» Жолдауында басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі қаржысын бағыттауды тапсырды. Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлінетін болды.
Рақым Ошақбаев, Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы төрағасының орынбасары
-Бұл қаржыны шағын және орта бизнес өкілдері теңге түрінде субсидиямен ала алады. Атап өтерлігі, қаражат жедел жаратылуда. Үкімет белсенді жұмыс жасап отыр. Бұл кәсіпкерліктің өркендеуіне зор үлес.
Экономикалық өсімге тікелей әсер ететін бір фактор бар. Ол – инвесторлар тарту. Бұл орайда біздің елге Инвесторлардың белсенділігі о бастан жоғары. Қазақстанның тұрақтылығы кепіл болды көпшілікке. Оның үстіне инвестициялық климат қолайлы. Ал бұл президент бақылауында. Биыл инвесторлар Бурабайда бас қосты. Мақсат игі. Соңғы 4 жыл ішінде жалпы соммасы 2,4 трлн. теңге болатын 651 жоба іске қосылып, 70 мыңдай жұмыс орны ашылды. Бұл жобалардың әрбір 7-сі тікелей 2010 жылдан бері істелген негізгі жұмыстың барлығы дерлік жаңа индустрияға бағытталды. Шетелдік инвестициялардың көмегімен іске қосылған. Экономикаға тың серпін беретін оқиғаның бірі - «Самұрық қазынаны» трансформациялау бағдарламасының жүзеге асуы. Компанияға арнайы бас сұққан Президент мекеменің басқару жүйесін жетілдіру, активтерін құнды ету және портфелін оңтайландырудың қалай жүріп жатқанын көрді. Бұл бесжүздіктің алдынғы шебінде жүрген «Темасек», «Казанах» секілді компаниялар капиталын дәл осы трансформация бағдарламасы арқылы еселеген. Бас-аяғы тоғыз жылда сингапурлық компания табысын 54-тен 176 млрд долларға дейін, ал малайзиялық компания 9-дан 31 млрд долларға дейін өсірген. Араптың Мубадаласы бес жылда кірісін 2,5 есе көбейтті. Әлемде трансформациялану жолын таңдаған компаниялар жетерлік. Бірақ соның жетпіс пайызы діттеген мақсаттарына жеткен жоқ. Сол жолы болмағандардың ізін баспау үшін Нұрсұлтан Назарбаев бұл істің басына шетелден топ менеджерлерді арнайы тартып отыр. Қазақстаның Ішкі жалпы өнімінің жартысына жуығын Самұрық-Қазынаның кірісі құрайды. Сондықтан қордың жұмысын ширату, тұтастай ел экономикасының әлеуетін арттырады. Ел экономикасының негізгі жаңалықтарының бірі қаржыны заңдастыру болды. Елбасы 30 маусымда «Қазақстан азаматтарына қаражатты заңдастыруға орай рақымшылық жариялау туралы» Заңына қол қойды. Осы Заң мемлекеттің мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізілуіне байланысты қабылданды. Әлемде мұнай бағасының құлдырауы Қазақстанды да айналып өтпейтіні анық. Бюджеттің көбін шикізатты экспорттау арқылы толтырып отырған мемлекетіміз үшін бұл аса қолайлы жаңалық емес. Қазақ үкіметі дағдарысқа тас түйін дайын. Елбасының «Нұрлы жол» Жолдауының өзі осы экономикалық қиыншылықты алдын алудың жолдарын қарастырған құжат деп қабылдасаңыз болады. Дегенмен, еліміз өзге мемлекеттермен салыстырғанда, көш ілгері. Ішкі жалпы өнім 4-те үш пайыздан кем болмайды.
Ғалым Байназаров, қаржыгер
-Жылдық есеппен есептесек, орта есеп бойынша 9 ай қорытындысымен бізден шығатын мұнайдың бағасы – 103 доллар. Жыл аяғына дейін бюджетте берілген баға, 90 дорллар көлемінен кем болмайтын шығар деп ойлаймыз.
Сарапшылар экспорттық әлеуметіміз жақсы екенін алға тартады. Шетелге жылдағыдай 6 млн тонна астығымызды шығардық осы жылы. Дегенмен, шикізатқа тәуелділіктен гөрі қайта өңдеу кәсіпорындарын құрып, инфрақұрылымды дамытуымыз керек. «Нұрлы жол» Жолдауы дәл осы мәселені шешудің нақты көрсеткіші. Өйткені инфрақұрылым – экономиканың негізі.
Мырзагелді Кемел, Экономика ғылымдарының докторы
-Тұрғын үй ком. шаруашылыққа Еуропа Даму банкі, Азия банкі, Ислам банкініің келуі, 100 кәсіпорынға 9 млрд долллар беретін болды. Мемлекет Ұлттық қордан 9 млрд алса, ақшалар жұмыс істейді. Ақша айналымға түседі және табыс әкеледі.
Міне, Жылқы жылының жұқалап айтқанда, жадымызда қалған жақтары осындай. Қой жылы дағдарыстан аман шығу – келесі меже!
ЖҮРГІЗУШІ
-ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖЫЛ САЙЫН ЖУРНАЛИСТЕРМЕН КЕЗДЕСЕТІН БҰЛЖЫМАС ДӘСТҮРІ БАР. БИЫЛ ДА ПРЕЗИДЕНТ ОТАНДЫҚ ЖЕТЕКШІ АРНАЛАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН СҰХБАТТАСТЫ. ӘЛЕМДІК САЯСАТТАН БАСТАЛҒАН АШЫҚ ӘҢГІМЕ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЖАРҚЫН ТІЛЕКПЕН АЯҚТАЛДЫ. ОНЫҢ ІШІНДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ, ӘЛЕУМЕТТІ ӘЛДЕНДІРУ, ДІННІҢ ДҰРЫСТЫҒЫ, ТІЛДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ, ТАРИХТЫҢ ТЕРЕҢДІГІ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҢ ҚАМЫ, ҰРПАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ ТҮГЕЛ ҚАМТЫЛДЫ. ОСЫ БАҒЫТТАҒЫ БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫСТАРДЫ БЕЛ ШЕШЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА ӨЗІНЕ АРТЫЛАТЫН ЖҮКТІҢ АУҚЫМДЫ ЕКЕНІН ДЕ ЕСКЕ САЛДЫ ПРЕЗИДЕНТ.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Халық өз басшыларын сайлаған кезде, сол басшының қолына тізгін- шылбырды береді де, «біздің жағдайымызды ойла» дегенді айтады. Дәл солай айтылмаса да, мағынасы сондай болады. Президенттің, ел бастаған адамның мойнындағы жүктің ауырлығы да сонда. Ол болып жатқан, алда келе жатқан оқиғаларды біліп, түсініп, сараптап, соған қарсы алдын ала жұмыс істеп, халықтың жағдайын қиындатпауды ойлауы керек.
Толымды сұрақтарға, тұшымды жауап айтылған сұхбаттың тоқ етер түйіні мынау.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Алланың берген, ата-бабамыздың тілегімен келген Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін қазақтың өзінің ішіндегі алауыздықтан құтылу керек. Түбінде ол бізге қауіп болуы мүмкін. Біздің ата-бабаларымыздың бізге берген кең даласын, осы мемлекеттілігін қолымыздан жіберіп алу айрылу өмір-бақи күнә болып саналады. Ұстап қалмауымыз тек қана бірліктің ыдырауынан болып саналады. «Төртеу түгел болса, төбедегіні алады, алтау ала болса, ауыздағыдан айырылады» деген қазақтың сөзі бар.
Президент мұны биылғы Жолдауында да, Тәуелсіздік толғауында да айтты. Демек, бұл пайым Қазақстан мемлекетінің басты қағидасына айналуы керек.
ЖҮРГІЗУШІ
-БІЗ ҚОШТАСҚЫЛЫ ОТЫРҒАН ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫНДА ЕЛ ПАРЛАМЕНТІ ЖЕМІСТІ ЖҰМЫС ІСТЕДІ. ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚОС ПАЛАТА ТАЛҚЫЛАҒАН ЗАҢДАРДЫҢ ЖҮЗДЕН АСТАМЫНА ЕЛБАСЫ ҚОЛ ҚОЙДЫ. БИЫЛ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢДАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕСІ ПАРЛАМЕНТТІҢ ЕРЕКШЕ НАЗАРЫНДА БОЛДЫ. НӘТИЖЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ, ӘКІМШІЛІК, ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕССУАЛДЫҚ, ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ КОДЕКСТЕРІ ЖАҢАРТЫЛДЫ, КЕЙ ТҰСТАРЫ ІЗГІЛЕНДІ. КЕЙ БАПТАРЫ ҚАТАЙДЫ. ПАРЛАМЕНТТІҢ БІР ЖЫЛДЫҚ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ МАҚПАЛ МАДИЯРОВАНЫҢ РЕПОРТАЖЫНДА.
Мақпал Мадиярова, тілші
-2014 жылы қос палата отыздан асық отырыс өткізді. Жүзден асық заң қабылдады. Көбі бірінші оқылымда-ақ мақұлданды, енді бірі қайта қарауға жіберілді. Мәселен, Сенат Мәжіліске 24 заңжобасын қайтарған. Сондай-ақ биыл Парламент 49 халықаралық келісімшартты ратификациялапты. Төртінші сессияның ашылуында ел Президенті «Қазақстан-2050» стратегиясының жүзеге асыруылын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуді жүктеді депутаттық корпусқа. 5 түрлі заң жобасын жедел әзірлеуді тапсырды. Сөйтіп заңдар қайта қаралып, өзгертілді, толықтырылды.
Георгий Ким, ҚР Парламенті Сенатының депутаты
-Біз сол заңдар Парламентке түскен сәттен бастап бір айдың ішінде талқылап, Елбасыға жіберуіміз керек болды. Депутаттық корпус бұл тапсырманы абыроймен орындады деп айта аламын.
Биыл қос палатаның ұзақ талқылауында болған қызу пікір-талас тудырған «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы. Сөйтіп бұл заңға сәйкес, келесі 2015 жылы әлеуметтік жәрдемақылар 25, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 15 пайызға көбейеді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап студенттер 25 пайызға ұлғайған стипендияға алатын болады. Сондай-ақ, бюджет тапшылығын төмендету саясаты негізінде республикалық бюджет шығыстары ауқымды қысқартуға ұшырады.
Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
-Индустрия министрлігінің төңірегіндегі дайын емес жобаларды әлі де жобасы негіздемесі жоқ жобаларды қысқарттық. Мына жақта басталған жобаны бітірмей жатып, жаңа жобаны енгіземіз деп отырмыз. Біз парламентте бастаған жобаны бітірейік, кейін келесі жобаға өтейік деген ұсыныстар берілді.
Халық қалаулысы Омархан Өксікбаев Қаржы және бюджет комитеті бір жылда 12 заң жобасын талқылап, 47 отырыс өткізгенін айтты. Сол 12-нің бесеуіне Елбасы қол қойған. Солардың бірі - «Мүлікті жария ету туралы» заң! Заң күшіне енген ел экономикасына 1 млрд 604 млн 465 мың теңге инвестиция салынған. Ал Депутат Мәулен Әшімбаев төрағалық ететін Халықаралық істер, Қорғаныс және қауіпсіздік комитеті де биыл қауырт жұмыс істеді. 70-тен астам заң жобасын қарапты. Ең сүбелісі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске кіресетін Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысын реттейтін Заң.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
-Бұл одақтың негізгі принциптері – біздің тәуелсіздігімізге егемендігімізге нұқсат келтірмеу. Оны Елбасы ла нақтылап айтты. Осы Одақтың негізіндегі басты принциптердің негізі осы одаққа кіретін мемлекеттерге экономиалық пайда бірдей болу керек, осы мәселе осы құжатқа кіргізілді.
Парламенттің биылғы жемісті жұмысының бірі – қылмыстық, әкімшілік, қылмыстық-процессуалдық, қылмыстық-атқару Кодекстерін жаңартып, жақсартып, жетілдіруі. 2015 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енетін Қылмыстық кодекске «медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар» деген жаңа тарау енгізілді. Сондай-ақ елді дүрліктіріп, жалған ақпарат тарататындар да ендігәрі істі болмақ. Жемқорлар, террористер, экстремистер, педофилдер қатаң жазаланбақ. Ал кей жеңіл қылмыстар енді қылмыстық теріс қылыққа жатқызылмақ.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
-Ондай қылмыстық теріс қылық істеген адам жазасын өтегеннен кейін сотталған адам боп есептелмейді. Бірсыпыра қылмыстық емес әкімшілік құқық бұзушылық қылмыстық кодекстің ішіне қылмыстық теріс қылық болып енгізіліп отыр.
Сенат Бұл Заңды бірінші оқылымда-ақ қабылдаған-ды. Бұрынғы Жоғары соттың төрағасы, қазіргі сенатор Бектас Бекназаров бұл ізгілендіру елдегі сотталғандар санын азайтады дейді. Сондай-ақ, Жаңа процессуалдық кодекске енген толықтырулар мен өзгертулер де сот жұмысын жақсартатына сенеді.
Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты
-Мен көп жыл судья боп қызмет атқардым. Іс дұрыс тергелмесе, толық анықталмаса, оны қосымша тергеу, қайта тергеуге қайтарып, кейбір істер сот пен тергеудің арасына жылдап жүретін, қазіргі жаңалық осымша тергеу институтын жойды. Қазір сотқа түскен іс бірден не кінәлі, не кінәлі емес деп бірден шешуге осындай талап қойды.
Айтпақшы, биыл қабылданған Заң бойынша, қазақстандықтар алкоголь өнімдерін күндізгі сағат 12-ден кешкі 21-ге дейін ғана сатып ала алады. Тағы бір жақсылық, Спорт туралы заңға сәйкес, паралимпиадалық, сурдолимпиадалық ойындардың жеңімпаздарына да, жаттықтырушыларына да өмір бойғы жәрдемақы тағайындалады.
Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
-Бұрын біз Олимпиданы жеңіп келген бірінші, үшінші орын алған спортшыларға үй беруші едік қой, соңында соттасып, алып қояды, сондай жағдайлар болушы еді, соны заңдастыру туралы кіргіздік.
Айтпақшы, жылқы жылындағы басты оқиға – 1 қазанда өткен Сенат сайлауы. Бұл науқанға елдегі 3279 мәслихат депутатының 3236-сы қатысты. 39 кандидат бақ сынады. Сөйтіп Сенат құрамы жаңарып, жеңімпаздар 15 қазаннан бастап жұмысқа кірісті. Біз 88 пайыз дауыспен Қызылорда облысынан сайланған су жаңа сенатор Бекмырза Еламановпен жүздестік, құттықтадық.
Бекмырза Еламанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты
-Бізге қажет жағдай жасалды, кабинет көмекші пәтер берілді, семьямыз көшіп келді. Бірыңғай жұмыс істеуге кірістік. Сіз келгелі, қандай заң жобалары қарастырылды? Кәсіпкерлікті жүргізуге жағдайлар жасау туралы кейбір заңдарға салық салу мәселелеріне байланысты заңдарға өзгерістер енгізілді осылардың бәріне шама-шарқымызша атсалыстық.
Осы аптада Сенат қорытынды отырысында Ұлттық Ұлан, Қарулы Күштер және Мемлекеттік күзет қызметі жөніндегі заң жобаларын қабылдады. Жоба Мемлекет басшысының қол қоюына жолданды. Жалпы отырысты Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жақсы сөзбен түйіндеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы
-Алдағы 2015 жылы бізді жүйелі түрде жүргізілетін күрделі жұмыстар күтіп тұр. Мәңгілік ел игілігі үшін «Нұрлы жол» бағдарламасын табысты орындау Мемлекет басшысының баршамызға жүктеген тарихи жауапкершілік екенін әрқашан еске сақтауымыз қажет.
Мақпал Мадиярова, тілші
-Халық қалаулылары жылды осылай аяқтады. Байқадыңыздар, қабылданған заңның бәрі осы елдің игілігі үшін. Ендігі мәселе – сол заңдардың нәтижелі жүзеге асуы.
ЖҮРГІЗУШІ
-КЕЛЕР ЖЫЛЫ ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ ТОЛАДЫ. ОСЫҒАН ОРАЙ ТМД ЕЛДЕРІНДЕ «АРДАГЕР ЖЫЛЫ» БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ. ҚАЗАҚСТАНДА ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫ АУМАҒЫНДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ БАСТАМА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ. ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРА АЯСЫНДА ЕЛІМІЗДЕГІ 5 МЫҢ 115 ҚАРТ ЖАУЫНГЕРГЕ ПРЕЗИДЕНТ АТЫНАН ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУ МЕН АРНАУЛЫ СЫЙЛЫҚТАР БЕРІЛЕ БАСТАДЫ. ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН АРДАГЕРЛЕРІМІЗГЕ КӨРСЕТІЛЕР ҚҰРМЕТ ТЕК 9-ШЫ МАМЫР ЖЕҢІС КҮНІМЕН ШЕКТЕЛІП ҚАЛМАУЫ ТИІС. ОЛАР – ҰДАЙЫ ҚАМҚОРЛЫҚ ПЕН ІЛТИПАТҚА БӨЛЕНУГЕ ЛАЙЫҚТЫ ЖАНДАР. АЙМАҚТАРДА БАСТАЛҒАН ИГІ ШАРА ЖАЙЫНДА ТІЛШІМІЗ ӘҢГІМЕЛЕЙДІ.
Өткен күнде белгі бар. Сұрапыл жылдардың қасіретін көрген ардагер Күшірхан Әлімбаев арада қанша жыл өтсе де, майдандастарын күйзеліспен еске алады. Ол 1942-жылы жасының 18-ге жетпегендігіне қарамастан өз еркімен майданға аттанған. Кіші сержант алғашқы ұрыста минометшілер тобын басқарды. Батыс және Балтық жағалауы майдандарында атқыштар дивизиясының қатарында болды. Украина, Белоруссия жеріндегі шайқаста барлаушы міндетін атқарған. ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және «Ерлігі үшін» секілді барлығы 27 медальмен марапатталған. Төрт рет жараланса да, госпитальда емделіп, ұрыс даласына қайта шығады.
Күшірхан Әлімбаев, Ұлы Отан соғысының ардагері
-Екі аяғымнан да болды, қолымнан да болды. Сосын басымнан да, в общем, бірталай жаралы болдым. Осы отырғанда, осы на теле үш осколка тұр. Ол пока маған мешать етпейді. Это просто соғыстан қалғаны, қалдырған белгісі.
Сарбаз Жапон соғысына қатысып, 1946-жылы елге жеңіспен оралады. Бейбіт күндері ауыл шаруашылығында аянбай қызмет етті. Еңбек ардагері қазір Алматы облысының Боралдай кентінде тұрады. Елбасының жаңажылдық құттықтауын алған қария, риясыз алғысын жаудырды.
Қамқа Үмбеталина – 18 жасында Отан қорғау жолында от кешкен қазақ қыздарының бірі. Ұшқыш та болды. Ұшаққа бомбаларды қолмен тиеп, жау жеріне тастауда ерлік көрсетті. Ұлы Жеңісті Қиыр Шығыста қарсы алған жауынгер жапондықтарға қарсы соғысқа да қатысты. Бірде ол мінген ұшақтың моторына жапондықтар атқан оқ тиеді. Жау жеріне құламау үшін экипаж мүшелері жалындаған қызыл отқа қарамастан, ұшақтан секіруден бас тартады. Тек Кеңес жеріне жеткен соң ғана парашютпен жерге түскен.
Қамқа Үмбеталина, Ұлы Отан соғысының ардагері, Құрметті мұнайшы
-Секір деген соң секірдік. Парашютпен бір ағашқа ілініп қалдым. Уссурийская тайга, төменде жолбарыстар мен аюлар шауып жүр. Елсіз, ілініп қалғаным жақсы болды дедім. Таң атқанда орыстың бір шалы келді, қасында нән иті бар екен. «Әй, сендер ме», – деп 7 шақырымдық поселкеге алып келді, сосын мен бөлімшеге телефон шалдым.
Қиындыққа мойымаған Қамқа Үмбетәлина елге келген соң қазақ мұнайын игеруге атсалысты. Маңғыстау мен Атыраудағы мұнай кен орындарын алғашқылардың бірі болып ашты. Күтпеген жерден Елбасының құттықтау жеделхатын алған Қамқа әжей ерекше толқып, балаша қуанды. 92 жастағы кейуана Елбасының атқарған істеріне үнемі көңілі толып, тілекші болып отырады.
Қамқа Үмбеталина, Ұлы Отан соғысының ардагері, Құрметті мұнайшы
-Армандарың жоқ айналайын. Егемендікті алдық. Ұлан байтақ Қазақстанның кең даласы, оның байлығы, оның өркениетті азаматтарының арқасында қазір біз жаман емеспіз. Елбасыға рахмет. Қиын жағдайда бізді шайқалтпай, кеменің бастығы ұқсап дағдарыстан да, әлемдік саяси қақтығыстардан да алып шықты.
Шымкенттік ардагер Қаратай Төлебеков сұрапыл соғысты Ленинград қоршауынан бастаған. Жеңіс күнін 2-ші Балтық майданында қарсы алыпты. «1942 жыл Ленинград үшін болған шайқас пен Курляндиядағы қырғын әлі күнге дейін көз алдымда», – дейді майдангер.
Қаратай Төлебеков, Ұлы Отан соғысының ардагері
-Олар бізді бомбалайды, атқылайды артиллериямен, біз оларды атқылаймыз. Бірақ тікелей шабуылға шыққан жоқ. Шабуылға шығып алу үшін бір жарым есе әскер керек. Ол жерде 600 мыңды алу үшін 850 мың әскер керек. Ондай әскер жоқ бізде, бәрі мына жаққа кетті. Оларда да ондай әскер жоқ. Олар да шығып кете алмайды. Бізді басып ала алмайды, ұстап тұрдық сол жерде. Соғысты мен сол жерде аяқтадым. Бір контузиям бар, бір ранением бар аяғымда, снарядтан болды.
Жасы 90-нан асқан қарт жауынгер әлі тың, қимылы ширақ. Ес білгелі кітапты жанына серік етіп келеді. Жеке кітапханасында 2 жарым мыңнан астам кітап бар. Соғыстан кейін ұзақ жылдар білім саласында еңбек еткен ардагердің жастарға айтар өнегесі көп.
Қаратай Төлебеков, Ұлы Отан соғысының ардагері
-Мен арақ ішкен жоқпын, шылым тартқан жоқпын, кешке жақын бешбармақ жемеймін. Сонымен бірге физкультурам бар менің, специальный физкультураны жатарда, тұрарда, кейде түн жарымда жасаймын. Содан кейін мұздай сумен шомыламын.
Жамбылдық 20 Ұлы Отан Соғысының ардагері Елбасының құттықтау хаты мен арнайы сыйлығын алды. Марапатталғандардың бірі – қарт жауынгер Уәтәй Әлімходжаев. Ақсақал соғысқа алғашқы күннен бастап қатысып, Берлинге дейін барған. Польша, Венгрия мен Румынияны жаудан азат етуге қатысты. Ерлігі үшін «1-ші дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен марапатталған. Бейбіт өмірде қызу еңбекке араласты. Алғашында мұғалім, кейін мәдениет саласында қызмет етті. Бүгінде ақсақал 5 баласынан тараған немере-шөберелерінің қызығына бөленіп отыр. 95 жыл ғұмырында бүгінгідей күтпеген сый-құрметке бөленгеніне дән риза.
Уәтәй Әлімходжаев, Ұлы Отан соғысының ардагері
-Сіздерге тілейтінім келе жатқан Жаңа жылдың алдында денсаулықтарыңыз мықты болсын. Ел-жұртқа аянбай еңбек етіп, еліміздің абыройын көтере беріңіздер. Аумин!
Президенттен құттықтау алған ардагерлердің алғысы шексіз. Көңілі кең дария қазыналы қарттар халыққа бірлік пен береке, тыныштық тілейтіндерін жеткізді.
ЖҮРГІЗУШІ
-БІРЕР КҮННЕН СОҢ 2015 ЖЫЛ ТАБАЛДЫРЫҒЫМЫЗДАН АТТАҒАЛЫ ТҰР. ЕНДЕШЕ, ЖАҢА ЖЫЛ ЖАҚСЫЛЫҚ, БЕРЕКЕ ӘКЕЛСІН! САУ БОЛЫҢЫЗДАР!