Хабар телеарнасы

«Бір туынды тарихы» циклі: «Қыз монологы» деректі фильмі

Есімі елге қадірлі қазақ қыздарының құрметіне! -Мен сені жаны нәзік, ән шығаруға ебі бар композитор ма деп жүрсем, жазбасаң құры көзіме көрінбей! Теріс кет! Ертеңнен бастап жоғал мына жерден!

Тік мінезімен елді елең еткізетін Фариза Оңғарсынованың композитор Гүлнәр Шәмшиеваға айтқан сөзі бұл.

Өлең өлкесінің қызғалдағы неге кейіді? «Қыз монологы» мен «Қыздар-ай» туындыларының тарихы қандай?

Поэзия падишасының қос өлеңіне жазылған әннің құпиясы мен сырын білгіңіз келсе, «Бір туынды тарихы» циклын көріңіз!