Logo

«Aitystar» жобасы

«Aitystar» жобасы

Айтыс өнері – ауыз әдебиетінің жарқын мұрасы. Бұл ғасырлармен қанаттасып келе жатқан ұлы өнер. Осы орайда «Хабар» арнасы көрермендеріне «AITYSTAR» бағдарламасын ұсынбақ. Мұнда еліміздің әр аймағындағы 24 жас ақындар мен азулы айтыскерлер және 12 эстрада жұлдыздары жұптасып, өнер көрсетеді.

Жобаға қатысушылардың өнерін залда тамашалап отырған көрермен бағалайды. Сонымен бірге қазылар алқасы құрамында айтыскер Балғынбек Имаш, әнші Жанар Айжанова және Нұрсұлтан қаласының Мемлекеттік музыкалық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Асхат Маемиров бар. 

Жыр бәйгесінің мақсаты – ұлтымыздың тіл байлығын, сөз мәйегін ұғындыру, жас айтыскер ақындарды табу және қолдау, ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық өнердің өркендеуіне үлес қосу.

Жоба кезеңдеріне тоқталсақ, алғашқы кезеңде 24 айтыскер іріктеледі. Әр эпизодта 8 қатысушы бір-бірімен жарысады. Үш эпизодтың қорытындысы бойынша келесі кезеңге 12 айтыскер өтпек.

Ал мұнан кейінгі кезеңде жастар танымал айтыскерлермен аламанға түседі. Осылайша 12 айтыскер келесі кезеңге өтеді.

Үшінші кезеңде жұптар өзара жарыспақ. Өнер көрсету қорытындысы бойынша жұптар қазылар алқасы мен көрерменнен ұпай жинайды. Әр топтан үш жоғары ұпай жинаған жұп жартылай финалға жолдама алады. Ал жартылай финалға барлық кезеңнен сүрінбей өткен 6 жұп қатысады.

Ақтық сында жыр додасына кіл мықтылар түспек. Мұнда жартылай финалдан іріктелген 3 жұп өзара айтысады. Ең көп ұпай санын жинаған жұп жоба жеңімпазы атанады.

Жүлде қоры:

1-орын – 2 000 000 теңге;

2-орын – 1 500 000 теңге;

3-орын – 1 000 000 теңге. 

 

Template Design © Joomla Templates | GavickPro. All rights reserved.