02:10Эфирде:ҚР Әнұраны
06:00 Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Қаламгер» телехикаясы: фоторепортаж

ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары. Әдеби әңгімелердің орталығына айналған «Қаламгер» кафесі. Бұл жерде талай парасатты ой тоғысып, талай әдеби туындылардың тұсауы кесілген. Әзіл-оспақ пен астарлы шындықтың символына айналған бұл ортада ешқандай цензураның, ешбір саяси нұсқаудың күші жоқ. Өйткені қоғамның шынайы бетпердесі «Қаламгер» кафесінде ашылатын. Атын атауға қорқатын Мағжандар, Шәкәрімдер туралы дәл осы «Қаламгердің» төрінде сыбырлап әңгімеленіп жататын. 

Жуырда «Қаламгер» телехикаясында!

[widgetkit id=111]

«Қаламгер» телехикаясы жайлы деректер:
• «Қаламгер» телехикаясы тарихи шындыққа құрылған және сюжет желісіне түрлі мазмұндағы шығармалар мен естеліктер арқау болған
• Әрекет мерзімі: 1970 – 1980 жылдар аралығы
• Кинотуындыда 100-ге жуық персонаж бар
• Басты кейіпкер Сәтжан – жиынтық образ. Тіпті уақыттың бейнесі деуге де болады. Ол бәріне куә болады. Бәріне араласады. Осы образ арқылы тарихи тұлғалардың көркем бейнесін жалпылама көрсетеді
• «Қаламгер» 1,5-2 ай уақыт мерзімінде түсірілді
• Түсірілімге қиындық туғызған мәселе – Алматының 70-ші жылдардағы локацияларын іздеп табу
• Оқиға өтетін негізгі орын – жазушылар кафесі