+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Junior Eurovision 2018: Данэлия Тулешова 3-ші нөмірмен өнер көрсетеді

Junior Eurovision 2018: Данэлия Тулешова 3-ші нөмірмен өнер көрсетеді

Күні кеше Минскіде «Junior Eurovision 2018» ән байқауының ресми ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға 20 мемлекеттен қатысушылар барды. Оның арасында ел намысын қорғайтын Данэлия Тулешова да бар.

Ол «Минск Аренада» өтетін байқауда 3-ші нөмірмен өнер көрсетеді. Сондай-ақ балалар додасының ашылу және жабылу салтанатында Украина мен Польша өнерпаздары ән шырқайтын болады.

Айта кетейік, «Хабар» арнасы 25 қарашада тартысты доданың гранд-финалын 21:00-де тікелей эфирде көрсететін болады. Ел ішінде ұлттық іріктеу өткізіп, жүзден жүйрікті анықтаған арна жас талантты қаржылай қолдауды өз мойнына алды.

Алан Әжібаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы:

- Көтеріңкі көңіл-күйдеміз. Алайда қобалжу да бар. Қазір біз Беларусь елінің Минск қаласындағы таңғажайып көрінеске куә болып тұрмыз. Тыңғылықты дайындық пен достық, қонақжайлық қабылдау көрініп-ақ тұр. Өнер көрсететін алаң ерекше. Ашылу салтанатынан бөлек, ертең «Минск Аренада» бұдан да асқан таңғаларлық сәттерге куә боламыз деген ойдамын.

Сондай-ақ...

Серіктестердің жаңалықтары

Загрузка...