ТОП бейне

ҚР Президенттігіне үміткерлер арасындағы теледебатты «Хабар» арнасынан көріңіздер!

ҚР Президенттігіне үміткерлер арасындағы теледебатты «Хабар» арнасынан көріңіздер!

Сайлауалды дебаттар мен пікірталастар «Хабар» телеарнасында көрсетіледі.

29 мамыр күні сағат 18.00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде сайлау алдындағы дебаттар мен пікірталастар өтеді. ҚР Орталық сайлау комиссиясының бекітілген регламентіне сәйкес теледебаттар мен пікірталастар 3 раундқа бөлінген.

Бірінші раундтың тақырыбы – «Қазақстанның экономикалық дамуының басымдықтары». Алғашқы раунд екі турды қамтиды.

Бірінші турда әрбір қатысушы өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын таныстырып, сөз сөйлейді.

Екінші турда қатысушылардың өздерінің оппоненттеріне сұрақ-жауап түріндегі пікірсайыс сессиясы қарастырылған. Қатысушылар екі сұрақтан қойып, екі сұраққа жауап бере алады.

Екінші раундтың тақырыбы – «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы».

Екінші раундтың бірінші турында қатысушылар берілген тақырып бойынша сөз сөйлейді.

Екінші турда жүргізушілер барлық қатысушыларға бір сұрақ қояды.

Үшінші раундтың тақырыбы – «Сайлаушыларға сөз арнау».

Үшінші және қорытынды раундта қатысушылар тікелей сайлаушыларға арнап сөз сөйлейді.

Түсірілім «Қазмедиа орталығы» медиакешенінде ұйымдастырылады.

Жүргізушілер: Ерлан Игісінов пен Қымбат Досжан.