ТОП бейне

«Бекзат» көркем фильмі Шымкент жұртшылығына ұсынылды

Bekzat Bekzat

«Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Бекзат» көркем фильмі Шымкентте көрсетілді. Осыдан 19 жыл бұрын дәл осы күні қазақтың батыр ұлы Бекзат Саттарханов Сидней Олимпиадасын дүр сілкіндіріп алтыннан алқа таққан болатын.

Фильмнің сюжеттік желісінде боксшы өмірінің үш кезеңі қамтылады. Балалық шағы, боз бала кезеңі және өмірінің соңғы сәті. Фильмнің түсірілім жұмыстары Түркістан, Алматы және Ыстамбұл қалаларында өткен. Басты рөлді жас актер Самат Әзімқұлов ойнайды.

Айта кетейік, «Бекзат» фильмі 3 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары:

- Бекзат Саттархановтың жеңіс жолын, табыс формуласын үлгі еткен спортшылар, боксшылар шықты. Қаншама қарпайым қазақстандық жастар спортпен, салауатты өмір салтымен айналыса бастады. Осыны ескере отырып, Жастар жылында «Хабар» Агенттігі еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрінің қолдауымен «Бекзат» атты фильм түсірген болатын. Фильмнің мақсаты – Бекзаттың бойындағы жетістікке толы жігер мен қайсарлықты, ұлтжандылық, намысқойлық секілді мінездерді жастардың санасына сіңіру, жастар жадына жеткізу.