Құрылыс бригадасын дұрыс таңдау. «Баспанаға бағыт»
Жаз маусымы келгенде көбі үйде жөндеу жұмыстарын бастайтыны рас. Бұл мәселеде бірінші кезекте қандай құрылыс бригадасын таңдаймын деген сауал туындайды. Екінші кезекте құрылыс жұмыстарының сметасы қанша теңгені құрауы мүмкін деген мәселе бас ауыртады. Әрине, барлығы қалтадағы қаражатқа келіп тіреледі. Десе де бюджетіңізге лайықтап, үйіңізді мұнтаздай етіп шығаратын нағыз мамандар да жеткілікті. Ең бастысы оларды дұрыс таңдай білу керек. Жақсы құрылыс бригадасын таңдау, ақшаңызды үнемдеуге сеп болады. Құрылысқа қажетті заттар тек қажеттілікке сай сатып алынуы тиіс. Артық шығынның бұл мәселеге түкке қатысы жоқ. Құрылыыс бригадасын таңдауға қатысты кеңесті «Баспанаға бағыт» бғдарламасынан біле аласыздар.