Хабар телеарнасы

Өзге елде сұлтан болғанша... «Бүгін»

Шетелде жұмыс көп, жалақы да жоғары. Осы сөзді жиі естиміз. Сырттағы өмір шынымен жайлы ма? Ел азаматтары неге көбіне шетелден жұмыс іздейді? Шетелге кетушілердің саны неге жыл санап артып барады? Бұл сауалға бағдарлама қонақтары жауап береді? Студия қонақтары: Рамазан Саттарұлы – Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Индира Рыстина –  Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, Аяулы Әліби  –  Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, Жұлдыз Қырғызалина  –  Work and Travel бағдарламасының үйлестірушісі.