Хабар телеарнасы

Жетімін жылатпаған. «Бүгін»

Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде 4 мыңнан аса бала Балалар үйінде тұрып жатыр. Бұл сан бұрынғымен салыстырғанда көңілге демеу, нақтырақ айтсақ, Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің саны 70% азайған. Яғни осыдан 10 жыл бұрын Балалар үйінде 14 мыңнан аса бала болған.
Жыл сайын асыранды балалардың 20% қайтадан Балалар үйіне қайтарылады екен. Осы тұста неге деген сұрақ туындайды. Шешімін табу үшін «Бүгін» бағдарламасына келген сарапшылардың пікірін тыңдап көрейік.
Студия қонақтары:
1. Мансия Исказина, бала құқықтары бойынша заңгер
2. Рысты Жұмабекова, «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары
3. Мақсат Несіпбаев, ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы
4. Жазира Жұмабекқызы, ЮНИСЕФ және Отбасылық академиялық ұлттық тренері