Хабар телеарнасы

ҰБТ-2021: жаңашылдықтар мен мүмкіндіктер. «Бүгін»

2004 жылдан бері өтіп келе жатқан Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл электрондық жүйеге ауысты. Қатысушыларға бірқатар жеңілдіктер де қарастырылған. Мәселен, оқушы сынақтан сәтсіз балл алып қалса, оларға екінші рет тапсыру мүмкіндігі де беріліп отыр.
 
Биылғы ұлттық біріңғай тестілеуге шамамен 120 мың бітіруші және басқа азамат қатысады деп күтілуде. Осыған орай елімізде 50-ден астам тест тапсыру пункті жұмыс істеп жатыр.  
 
Бұл жолғы ҰБТ-ның түлеген, жаңарған жүйесінің тиімділігі қандай? Тест жауабын қалай анықтайды?

Студия қонақтары:
1. Наужан Дидарбекова, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары
2. Арман Мырзақұлов, Нұр-Сұлтан қ. №64 мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі
3. Нұрмұхамед Досыбаев, білім саласының сарапшысы
4. Бақыт Теңсел, Ustudy  компаниясының бас директоры орынбасары
5. Марал Сарбасқызы, психолог