Хабар телеарнасы

Төрт түліктің жаппай қырылуына не себеп? «Бүгін»

Елімізде биыл көктемнің аяғы, жаздың басында бірнеше облыста біраз мал қырылып, елдің ішін біраз әбігерге салды. Тіпті арнайы комиссия құрылып, оның себебін анықтауға да кіріскен еді. Әсіресе Маңғыстау облысындағы жағдай өте қиын болды. Оған биылғы ауа райының қолайсыздығы ғана әсер етті ме? Бұл өңірде мал шаруашылығын қалай дамыту керек? Бұл туралы «Бүгін» бағдарламасында айтылады.
Студия қонақтары:
1. Төлеутай Рақымбеков, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының бірінші орынбасары
2. Сырым Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
3. Самат Мұсабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
4. Анас Баққожаев, Ет өнімдері кооперативінің жетекшісі