Хабар телеарнасы

ОТАНДЫҚ ӨНІМ ӨРЛЕСІН ДЕСЕК. «Бүгін»

Өткен жылдан бастап шағын және орта бизнес үш жылға табыс салығынан босады. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында бизнесті қолдау тетіктері қаралған. Мәселен, қазіргі уақытта кәсібімді ашамын деген адамға мемлекеттен қолдау бар. Төмендетілген процентпен, яғни 6%-пен несие алып, іс бастауға болады. Бұдан басқа да жеңілдіктер жетіп артылады.   Кәсіпкерлік саланы дамытуға қолдау болғанымен, нәтижесі көңіл көншітпейді. Оған карантин талаптары да тұсау болды. «Бүгін» бағдарламасында отандық өнімдердің аяқ алысын талқылаймыз. Студия қонақтары: Қайрақбай Жанабеков, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Айжани Нұрланова, Кәсіпкер Жәнібек Сәрсембаев, Кәсіпкер Бейсен Жолболдиев, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сапарбай Жобаев, экономист