Хабар телеарнасы

Несиесіз күн бар ма? «Бүгін»

Бүгінде несиесіз күн көру мүмкін емес секілді. Мәселен той жасау – несие, көлік алу – кредит, баспана алу – ипотека. Осылайша, халық күнелтіп жүр. Өткен жылы елдегі 26 банк берген жалпы кредит көлемі 14,3 трлн теңгеден асқан. Осы соманың 7,3 трлн – заңды тұлғаларға, 7 трлн теңге – жеке тұлғаларға берілген. Шағын және орта бизнеске 2,2 трлн теңге көлемінде несие берілген екен. Осы несиелерді алған ел азаматтарының саны 7,5 млн-нан асқан. Бұл көрсеткіш биыл артпаса, кеміген жоқ. Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, биыл тұтынушылық несие 5 % көбейген. Ипотекалық несие де артып отыр. Несие алу дұрыс па әлде бұрыс па? Осы тұрғыда «Бүгін» бағдарламасына келген қонақтар кеңінен талқылайтын болады.
Студия қонақтары:
1. Мақсат Халық, UIB бизнес мектебінің директоры, экономист
2. Гүлайым Антаева, заңгер
3. Мәди Сарбупин, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бас маманы