Хабар телеарнасы

Байрақты бәсекенің батырлары. «Бүгін»

Төрт жылдықтың басты бәсекесі мәреге жетіп, Токио Олимпидасы тарих бетіне жазылды. Оған біздің спортшылардың да қосқан үлесі бар. 8 қола. Бұл тақырып айтылды және жазылды. Алтынсыз Олимпиада болды деп өкпелегендер болды. Бірақ біз алтынсыз қайтпадық. Паралимпиадашылар жарады!

Токио төрінде еліміздің әнұраны шырқалды. Ол пауэрлифтер Давид Дегтяревтің құрметіне қойылды. Давид 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пауэрлифтингтен 174 келі нәтижемен алтын жүлде иеленді. Давидтен бөлек Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан және Зарина Байбатина дзюдодан күміс медаль иеленсе, жүзуден ерлер арасында Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды.

Еліміздің мақтаныштары «Бүгін» бағдарламасында қонақта.