Хабар телеарнасы

ТАЗА СУДАН ТАРЫҚҚАН... «Бүгін»

Жылдар бойы қомақты қаржы бөлінгеніне қарамастан, ауызсу мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Президент халыққа жолдауында осылай деген еді.
Ауызсуды аңсап, аңқасы кепкен ауылдар көп екені белгілі. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауылдардың 87,7 %, қалалардың 97,5 % ауызсумен қамтамасыз етілген. Мына көрсеткішке қарап тұрып, көңілің тояды. Қағаз жүзіндегі сандар, іс жүзіндегі нәтижемен сай ма?
«Бүгін» бағдарламасы осы тақрыпты қаузайды.

Қонақтар:
1. Ерболат Беркінбаев, «Қазсушар» РМК бас директорының орынбасары
2. Бейбіт Шаханов, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары
3. Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
4. Нұрлан Атшабаров, Қазақстан су шаруашылығы қауымдастығының президенті