00:15Әрі қарай: «Әзіл кеші»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Шетелге барып жұмыс істеген тиімді ме? «Бүгін»

Шетелге барып жұмыс істеген тиімді ме? «Бүгін»

Жылдан жылға шетелдерге жұмыс істеуге кетіп жатқан қазақстандықтардың саны артып келеді. 2021 жылдың 5 айы ішінде елден 9862 адам кеткен. Келгендер тек 3662 адам ғана. Бұлардың ішінде де еңбек мигранттары аз емес. Президент Жолдауында: «Үкімет көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге тиіс. Онда шетелдерде жұмыс істеп жүрген өз азаматтарымыздың құқықтарын қорғау тәсілдері де көрініс тапқаны жөн», – деп айтылды. ҚР СІМ, басқа да мемлекеттік органдар осы бағытта қандай жұмыстар атқарып жатыр?
Шетелдерге нан табуға кеткен қандастарымызға қалай қолдау көрсете аламыз? Шетелге барып жұмыс істеген тиімді ме?
Толығырақ «БҮГІН» бағдарламасынан біле аласыздар.
Студия қонақтары:
1. Руслан Тілеубаев, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары
2. Берік Есқараев, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің бас сарапшысы
3. Марат Бәшімов, заңгер
4. Бауыржан Омаров, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы
5. Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
6. Берік Садықов,ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті Талдау, жоспарлау және әдіснама басқармасының басшысы

Сондай-ақ...