Хабар телеарнасы

Елімізде инклюзивті білім алуға қанша бала мұқтаж? «Бүгін»

Инклюзивті білім беру ісі жолға қойылып келеді. Қазақстан көршілес елдердің ішінде алғаш болып осындай жаңалықты енгізді. Инклюзивті білімді қажет ететін балалардың саны жылдан жылға өсіп келе жатыр. Бұған не себеп? Енді ары қарай бұл жұмысты қалай жетілдіруіміз керек? Елімізде ол үшін барлық жағдай жасалған ба?
Осы және өзге де сауалдарға «БҮГІН» бағдарламасында жауап іздейміз.

Студия қонақтары:
1. Ардақ Айтжанова, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің бас сарапшысы
2. Лаура Бұтабаева, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Инклюзивті білім беру орталығының директоры
3. Назым Әбілқасымова, Нұр-Сұлтан қаласы №83 мектеп-гимназиясының инклюзивті білім беру бойынша үйлестірушісі
4. Әлия Махметова, Нұр-Сұлтан қаласы №65 мектеп-гимназиясының педагог-ассистенті