Хабар телеарнасы

Ел болашағы – кітап оқитын ұлт. «Бүгін»

Қоғамның мәдени деңгейін, талғамын және рухын көтеру. Бұл міндет жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен он ұлттық жобаның бірі «Ұлттық рухани жаңғыруда» меже етіп қойылды.
Бізде кітап оқу мәдениеті қалыптасқан ба? Ел азаматтарының кітап оқуға деген құлшынысы қалай? Жас ұрпақты кітап оқуға қалай баулимыз? «Бүгін» бағдарламасында «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы шеңберіндегі осы мәселені сала мамандарымен бірге талқылаймыз.

Студия қонақтары:
1. Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі;
2. Үмітхан Мұңалбаева, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры, педагогика ғылымдарының докторы;
3. Айжан Тәбаракқызы, qalamger.kz әдеби порталының бас редакторы, ақын, жазушы;
4. Ақбота Қажыбекова, Аstana garden school мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.