Хабар телеарнасы

Биржа саудасын дамыту. «Бүгін»

Бүгінде баға деген асауға тұсау болмай отыр. Себебі бағаны нарық билейді, ал сол нарықтың желі қалай соқса, түрлі тауар бағалары да солай қарай бір бүйірлеп жантая кетеді. Мемлекет басшысы осы мәселені дер кезінде дөп басып айтып, құзырлы мекемелерге елдегі тауар биржаларының жұмысын кеңейтуді тапсырды. Елімізде қанша тауар биржасы бар? Тауар биржаларының жұмысы құқықтық тұрғыдан бекітілген бе?

Студия қонақтары:

1. Ерлан Нығметов, Брокерлік компанияның атқарушы директоры

2. Қанат Оспанов, Тауар биржасының талдау және стратегиялық жоспарлау бөлімінің басшысы

3. Бердібек Байтілеу, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі биржалық бақылау департаментінің басқарма басшысы

4. Бауыржан Исабеков, экономика ғылымдарының докторы

5. Мақсат Тұрсынбеков, ҚР Сауда және интеграция министрлігі ішкі сауда департаменті директорының орынбасары

6. Мақсат Халық, экономист