Хабар телеарнасы

Мәдени орындарға барасыз ба? «Бүгін»

Қазақстандағы мәдениеттің дамуы қалай? Халықтың мәдени талғамы мен деңгейі өсті ме әлде қайта кері кетіп бара жатыр ма? Мемлекет алдағы төрт жылдың ішінде мәдениетті дамытуға неге ерекше назар аударып отыр?
Ұлттық жобалардың ішінде мәдени салаға көп көңіл бөлінген. Ол үшін 2025 жылға дейін 119 миллиард теңге жұмсау көзделіп отыр. Бұл қаржыны тиімді әрі нәтижелі қалай жұмсау керек? Мәдениетімізді жаңа деңгейге қалай көтереміз? Осы және өзге де сауалдарға «Бүгіннің» алаңында жауап іздейміз.
Студия қонақтары:
1. Лейло Бекназар-Ханинга, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
2. Күміс Сейітова, ҚР МСМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары;
3. Айгүл Иманбаева, әнші, актриса, «А.И» театрының директоры;
4. Нұрсерік Жолбарыс, ҚР Мәдениет саласының үздігі, музейтанушы.