Хабар телеарнасы

Қазақстандағы жолдардың сапасы қандай? «Бүгін»

2019 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде Қазақстан жол сапасы бойынша 93 орынға тұрақтаған. Президент жол саласында көптеген кемшіліктердің бар екенін былтыр ашық айтқан еді. Сарапшылардың айтуынша, жол құрылысы саласындағы жемқорлықтың көп болуына қоғамдық бақылаудың төмендігі мен ақпараттардың ашық еместігі де әсер етеді. Жол салуға бөлінетін қаражат тиімді жұмсалып жатыр ма? Алдағы уақытта қандай көлік трассалары іске қосылады? Автожол саласында тағы қандай түйткілді мәселелер бар? Оларды шешу жолдары қандай? Бүгін осы мәселелерді талқылаймыз.
Студия қонақтары:
1. Амангелді Беков, ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары
2. Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы
3. Дархан Сайлауов, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Сапа департаментінің директоры
4. Шалқар Қасымханов, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Жол қауіпсіздігі бөлімінің басшысы
5. Дәулетқали Асауов, қоғам белсендісі
6. Азамат Мүсілов, блогер