Хабар телеарнасы

Елімізде азық-түлік қоры жеткілікті ме? «Бүгін»

Біріккен Ұлттар ұйымы Украинадағы қақтығысқа байланысты бірқатар елде азық-түлік тапшылығы орнауы мүмкін деді. Бидай мен ұн өндірісі қысқарады, Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің салдарынан тамақтың тапшылығы болады деген болжам айтқан еді.
Тамақ өнімдерінің бағасын ретке келтіруге бола ма? Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі қай деңгейде?

Студия қонақтары:
1. Анас Баққожаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының хатшысы;
2. Қайнар Абасов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
3. Төлеутай Рақымбеков, экономика ғылымдарының докторы, академик;
4. Игілік Тәутенов, шаруа қожалығының басшысы;
5. Айбек Жазылбек, «Astana ӘКК» АҚ азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің менеджері.