Хабар телеарнасы

Қаржы пирамидасын құрғандар жазалана ма? «Бүгін»

Бүгінде қоғамда алаяқтықтың алуан түрі таралған. «Аңқау елге арамза молда» көп. Қазір өзгенің сеніміне кіріп, қаржысын жымқыру ең көп жасалатын қылмыстардың қатарында тұр.
Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының өндірісінде қаржы пирамидаларына қатысты 65 қылмыстық іс бар, 3 мыңнан астам адам жәбірленуші болып танылды.
Өтірікті судай сапырып, әлеу¬метті әбігерге салған қаржы ұйым¬дары туралы не білеміз? Олардың жүйесі қандай, көлеңкедегі құрылтайшылары кімдер? Мұндай алаяқтықтың жазасы қандай?
Осы және өзге сауалдардың жауабын «Бүгіннің» алаңында талқылаймыз.

Студия қонақтары:
1. Асхат Асылбеков, қоғам қайраткері;
2. Абзал Құспан, адвокат;
3. Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты;
4. Жанболат Әбдірайымов, ҚР ІІМ тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі.