Хабар телеарнасы

Кибербуллингпен күрес: жаңа заң. «Бүгін»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша заңға қол қойды.
Қарапайым сөзбен айқанда, бұл құжаттың бір тармағы балаларды әлеуметтік желінің әлімжеттігінен қорғауға арналған.

Бүгінгі күні өмірімізге дендеп кеткен ғаламтордың пайдасы мен зиянын екшеу қиынға соғып тұр. Әсілі пайдасыннан гөрі қауіпі бірінші көрініс табатын интернеттің иірімінде жүрген жастар қаншама?! Олардың психологиясына теріс әсер етіп, өміріне қауіп төндіретін кибербуллинге қарсы амал қайсы? Осы секілді сұрақтарға «Бүгіннің» алаңында жауап іздейміз.

Студия қонақтары:
1. Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
2. Бақытгүл Насридинқызы, психолог;
3. Ләззат Ахатова, заңгер;
4. Ләйлә Сұлтанқызы, журналист;
5. Мақсұтбек Айтмағанбет, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.