Хабар телеарнасы

«Қолда я жолда». Ойынды соңына дейін жеткізуге бел буған қатысушы қанша теңгелік ұтысқа ие болды?

Бір негізгі және 22 қосымша ойыншы қатысатын телевизиялық шоу білімнен гөрі ішкі түйсік пен сәттілікке негізделген. Ортаға шыққан қатысушы міндеті – алдында тұрған 22 жәшікті ашу. Бұл жәшіктерде 1 теңгеден бастап 3 миллионға дейінгі сома көрсетілген.
Қатысушы ойынның соңына дейін баруды мақсат етті. Банк ұсынған 100 000 теңгеден бірден бас тартты. Ойын нәтижесінде қатысушы қанша сомаға ие болды? Ендеше «Қолда я жолда» бағдарламасын жіберіп алмаңыздар!