Хабар телеарнасы

«Қолда я жолда». Интригаға толы тартысты ойын

Бір негізгі және 22 қосымша ойыншы қатысатын телевизиялық шоу білімнен гөрі ішкі түйсік пен сәттілікке негізделген. Ортаға шыққан қатысушы міндеті – алдында тұрған 22 жәшікті ашу. Бұл жәшіктерде 1 теңгеден бастап 3 миллионға дейінгі сома көрсетілген. Ойыншы бағдарламаның бастапқы бөлігінде барынша ең төменгі соманы тауып, олардан құтылу керек. Ойын шарты бойынша соңына таман қомақты соманың қалғаны маңызды.