Хабар телеарнасы

Өртенген әйел. Вайнерлер жарнама жасағандарына өкінді… «Негізінде...»

Ішкі істер министрлігінің алдында өзіне от қойған әйелдің үсті-басын күйік шалды. Енді денесіне жанармай құйып, тірідей өртке оранған адам терісінің сау тамтығы қалсын ба?! Әзірге белгісіз. Бірақ дәрігерлер: «Жағдайы ауыр», - дейді. Жаға ұстатқан бұл бір ғана мысал.
Ұлтымыздың ұлы құндылықтарын ұтымды пайдаланған Қырғызстан тумасы Әзімжан Сайдбаев, Өзбекстан тумасы Мейіржан Төребаев және Мейірхан Шерниязов кезінде осы «Мударабах Капиталды» жарнамалап еді.
Негізінде, осындай қаржы пирамидасының тұзағына түсіп, ауызы күйіп, өзегі өртеніп жүргендер қаншама?! Талайдың тірі өлікке айналуына не себеп?!