Хабар телеарнасы

Жол жөндеу саласы «майшелпекке» айналды. «Негізінде...»

Президент жол «жөндеуге» кірісті. Нақтырақ айтар болсақ, жолды жөндеуге және төсеуге жауапты тұлғалардың жұмысын тікелей өз бақылауына алды. Осыған дейін БАҚ өкілдері жол тақырыбын талай көтеріп жүріп, ақыры Мемлекет басшысының назарын аударды. Президент сынынан кейін бүкіл жол жөнделіп кетпесе де, салғырттық танытқан біраз адам қызметінен қуылды.