Хабар телеарнасы

Шахмат әлемінің жаңа жұлдыздарынан кеңес, аутизмді анықтау тесті, тоқымадан шеберлік сабақ

Қазақ шахмат әлемінде тағы бір жарық жұлдыз! Атақты Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәліктің соңынан ерген дарын – 17 жастағы Меруерт Қамалиденова. Астаналық шахматшыны сарапшылар осы спорттың болашақ жұлдызы деген болжам жасап отыр. Себебі ол күні кеше ғана елордада өткен Қазақстан мен әлем құрамалары арасындағы матчта дүние жүзінің төрт дүркін чемпионы, қытайлық Хоу Ифаньды жеңді. Меруерт өзі оқитын мектепте құрмет-қошеметке бөленіп, оқушылармен кездесті. Айта кетейік, қазір жас шахматшының рейтингі – 2350. Спортшы бұдан да жоғары нәтижелер мен үлкен жеңістерден үмітті.

Меруерт Қамалиденова, шахматтан Қазақстан чемпионы:
-Әзірге мен әйелдер арасындағы гроссмейстер мін. Ал барлығы арасында гроссмейстер болу үшін, атағын алу үшін бізге 2500 деген рейтинг керек. Сосын 3 норма керек. Қазір белгілі бір әйел әлем чемпионы бар. Енді келесі әлем чемпионы болу үшін матч ойнау керек. Матчқа қатысу үшін бірнеше турнирді ұту керек.