Хабар телеарнасы

Бақыт – бірлікте. «Өзін-өзі тану»

Табиғат – адамзаттың анасы. Адам мен табиғат – егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті», – дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық. Халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлігі, құрамдас тобы деп есептеді. Сондықтан да табиғатпен бірлікте өмір сүру қажеттігін ерте кезден-ақ сезінді.