Хабар телеарнасы

«Жылата ма, жұбата ма?» деректі фильмі

Ал сіз балаңыздың «таяқпен» тәрбиеленіп жатпағанына сенімдісіз бе?
Айта кету керек, бала күтушілердің көмегіне жүгінетіндер көбейген соң, елімізде бұл қызмет түрін ұсынатын арнайы агенттіктердің де қазаны қыз-қыз қайнай бастады.
«Бала күтушісін таңдап беретін» алғашқы агенттік елімізде Алматы қаласында 1996 жылы ашылыпты. Қазір қала түгілі ауыл аймақтарда да көп кездеседі бұл қызмет түрі.