Хабар телеарнасы

Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге шығарады

Си Цзиньпиннің елімізге сапары екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге шығарады. Қытайдың Қазақстандағы елшісі  China Global Television Network арнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Чжан Сяоның айтуынша, бұл екі ел ынтымақтастығының дамуына және аймағымыздың тұрақтылығы мен өрлеуіне зор екпін береді. 

Чжан Сяо, ҚХР Қазақстандағы елшісі:

«Ковид-19 пандемиясы аяқталғалы бері Қытай төрағасы екі мәрте барған жалғыз ел - Қазақстан. Бұл - екі мемлекет арасында қалыптасқан қатынастардың айрықша жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Екі жақтың басшылары Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыстарды және түрлі салалардағы ынтымақтастықты егжей-тегжей талқылайды. Сондай-ақ, екі тарапты қызықтыратын халықаралық және аймақтық мәселелерді қарастырмақ. Бұл екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтереді».