Түркістанда «Таза Қазақстан» аясында сенбілік ұйымдастырылды

  • 8
  • 09.12.2025, 18:43

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып, флешмоб өтті. Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен өткен «ЕСО ACTION» челленджіне өңірдегі колледж студенттері қатысты. Табиғат жанашырлары алдымен қала көшелерін тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Одан кейін белсенді жастар флешмоб ұйымдастырып, оны әлеуметтік желі арқылы облыстағы 17 аудан мен қала жастарына жолдады. Челлендж аясында облыс орталығы жастарының бастамасы экологиялық мәдениетті нығайтып, жастар арасындағы ынтымақтастық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

Нариман Мархабаев, облыстық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:

-Аудан-қалада өткен осы сияқты челлендждер әлеуметтік парақшаларға салынып, әлеуметтік желідегі жастардың да көзқарасын оңтайландыру, осы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қызығушылығын арттыру мақсатында осы жұмыстарды атқарып жатырмыз.