Хабар телеарнасы

Өнер өкілдері елорданың жаңа атауын қолдауға арналған концерт ұйымдастырды

Республика сарайы алдындағы Абай алаңында өткен концертке танымал эстрада әншілері қатысты.

Алматыдағы жоғары оқу орындары студенттерінің басын қосқан «G 38» ұйымының өкілдері өз замандастарын жақсы білім алып, туған жеріне қызмет етуге шақырды. Ақын Маралтай Ыбраев, Ислам Байрамуков, Қанат Ислам сынды атақты спортшылар сөз сөйлеп, Елбасының ерен еңбегі туралы жастарға баяндады. «Мемлекеттің дамуы үшін еңбек еткен Елбасы мұндай құрметке әбден лайық», – дейді жиналғандар.

Маралтай Ыбраев, ақын:

- Шетелдегі қандастарымыздың Отанына қайтуына мүмкіндік жасады. Бұған да құрмет көрсетуге болады. Жақында ғана Ақтау қаласында 5 мемлекетті шақырып отырып, Қазақстанның алып шекарасын шегендеп, заң тұрғысынан соның нүктесін қойды. Сондықтан да Елбасына барлық құрмет лайық деп ойлаймын.

Оңдасын Құлымбет, Қазақстан КВН одағының өкілі:

- Тұңғыш Президентіміз биылғы жылды Жастар жылы деп жариялағаны – жас буынға деген үлкен сенім артқанының белгісі. Сондықтан біз қазіргі таңда Тұңғыш Президентіміздің атқарған қызметтеріне, саясаттарына алғыс білдіріп, қолдау көрсетудеміз.