Хабар телеарнасы

Ұлттық банк төрағасы валюта-қаржы нарығындағы ахуал туралы мәлімет берді

Кездесуде Ерболат Досаев еліміздің валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал туралы мәлімет берді. Сондай-ақ қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляция деңгейін сақтап қалу жөнінде қабылданып жатқан шаралар жайлы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті:

- Қазіргі уақытта мұнай бағасының өсіп келе жатқаны байқалуда. Еліміздегі экономикалық ахуал мен теңге бағамы тұрақты. Жақында Ұлттық банк пен Үкімет тұрғындар үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Сіздердің тараптарыңыздан бұл дұрыс шешім деп ойлаймын.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

- Қаржы-несие саясатын енгізу жағынан барлық ситуация тұрақты. Жылдың басынан үш айдың ішінде инфляция 4,8% құрайды. Өткен жылдың соңына қарағанда жарты пайызға төмендеді. Осы жылдың ішінде біздің қойған мақсатымыз 4-6% ішінде қалу. Теңгенің бағасы 380-ге жақын. Кеше біз естептегенде 379,66 теңге болды. Жылдың басынан бастап 1% теңге бағасы көтерілді. Бірақ сіз қойған саясаттың арқасында бәрі қалыпты болып отыр.