Хабар телеарнасы

Атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы отбасыларға төленеді

Елімізде жаңа форматтағы жәрдемақыны алу бойынша жиі қойылатын 10 сұрақ бар:

  1. Әлеуметтік көмек 2019 жылдың 1 сәуірінен беріле бастайды. Ол үшін Халыққа қызмет көрсету немесе Еңбекпен қамту орталығына бару керек. Ал егер ауылды жерде тұрсаңыз, әкімдікке барасыз.
  2. Көмек рәсімдеуге бір ғана құжат, жеке куәлік пен өтініш жеткілікті.
  3. Өтінішті сәуірдің қай күнінде берсеңіз де, көмекті толық бір айға аласыз.
  4. АӘК-тен үмітті азаматтар міндетті түрде тіркелген болуы тиіс.
  5. Оны тағайындау кезінде бірге тұратын барлық адамның табысы есептелмейді, тек бір шаңырақ астындағы жақын туыстары есепке алынады.
  6. Бір отбасының табысы бір адамға бөлгенде 20 789 теңгеден аспаса ғана көмек беріледі.
  7. Оны 18 жасқа толмаған балалар немесе оқып жатқан 23 жасқа дейінгі студенттер де алуға құқылы.
  8. Ауылдықтардың шаруашылықтан түсетін табысын әкімдік көмек беру кезінде есепке алуға да, алмауға да құқылы.
  9. АӘК тағайындау кезінде мемлекеттік жәрдемақылар отбасы табысына кірмейді.
  10. Көпбалалы отбасыларға қосымша 16 160 теңге ай сайынғы жәрдемақы қосымша төленеді.